Онкологиялық орталықтарда өткен ашық есік күнінде обырдың 30 жағдайы анықталды

© Денсаулық сақтау министрлігі Онкологиялық орталықтарда өткен ашық есік күні обырдың 30 жағдайы анықталды
Онкологиялық орталықтарда өткен ашық есік күні обырдың 30 жағдайы анықталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2026
Жазылу
43 обырға дейінгі жағдай анықталды
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Еліміздің онкологиялық орталықтарында Ашық есік күні кезінде обырдың 30 жағдайы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Уақтылы диагностиканың арқасында акцияға қатысушылардың арасында 30 қатерлі ісік жағдайы (оның ішінде онкологиялық ауруға күдікті жағдайлар), 43 обырға дейінгі жағдай анықталды.
Әрі қарай бақылауды, қосымша тексеруді немесе емдеуді қажет ететін 287 өзге ауру анықталды.
"Бұл күні еліміздің тұрғындары онкоурологтар мен бейінді мамандардың тегін консультациясын алып, профилактикалық тексерулерден және қажетті диагностикалық зерттеулерден өтті. Акцияның қорытындысы бойынша 579 адам мамандардың консультациясын алды", - дейді министрлік.
Жалпы 386 диагностикалық зерттеу жүргізілген. Оның ішінде 14 төмен дозалы компьютерлік томография жасалды.
Акция халықтың қауіп факторлары, алдын алу шаралары және уақтылы диагностиканың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Бады, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Онкологияның алдын алуға арналған биологиялық белсенді қоспа әзірленіп жатыр
Жаңалықтар
0