https://sputnik.kz/20260317/onkologiyanyn-aldyn-aluga-arnalgan-biologiyalyq-belsendi-qospa-azirlenip-zhatyr-61969971.html
Онкологияның алдын алуға арналған биологиялық белсенді қоспа әзірленіп жатыр
Онкологияның алдын алуға арналған биологиялық белсенді қоспа әзірленіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жоба аясында пайдалы заттарды барынша сақтай отырып, қызанақ пен қарбыздан ұнтақ алу технологиясы әзірленді 17.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-17T22:49+0500
2026-03-17T22:49+0500
2026-03-17T22:49+0500
онкология
қазақстан
ғалымдар
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/12/47927271_0:58:3072:1786_1920x0_80_0_0_92685a0e3143315aeb0ddfccc6bb7d80.jpg
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары отандық өсімдік шикізаты негізінде биологиялық белсенді қоспаларды өндірудің инновациялық технологиясын әзірлеп жатыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Жоба жоғары антиоксиданттық белсенділігі бар, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуға ықпал ететін қолжетімді әрі тиімді өнімдер жасауға бағытталған.Жоба аясында пайдалы заттарды барынша сақтай отырып, қызанақ пен қарбыздан ұнтақ алу технологиясы әзірленді. Қайта өңдеудің заманауи әдістерін – лиофильді және инфрақызыл кептіруді қолдану шикізаттың түсін, хош иісін және биологиялық құндылығын сақтауға мүмкіндік береді.Мұндай үйлесім жоғары биожетімділікті, айқын антиоксиданттық әсерді және жақсы органолептикалық қасиеттерді қамтамасыз етіп, өнімді тұрақты қолдануға ыңғайлы етеді.
https://sputnik.kz/20250206/biologiyalyq-qospa-satqan-astanada-qarzhy-piramidasyn-qurgan-ayel-ustaldy-50592577.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/12/47927271_45:0:2776:2048_1920x0_80_0_0_5b4735ab4d89679ae79748b0c3656258.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
онкология, қазақстан, ғалымдар
онкология, қазақстан, ғалымдар
Онкологияның алдын алуға арналған биологиялық белсенді қоспа әзірленіп жатыр
Жоба аясында пайдалы заттарды барынша сақтай отырып, қызанақ пен қарбыздан ұнтақ алу технологиясы әзірленді
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары отандық өсімдік шикізаты негізінде биологиялық белсенді қоспаларды өндірудің инновациялық технологиясын әзірлеп жатыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жоба жоғары антиоксиданттық белсенділігі бар, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуға ықпал ететін қолжетімді әрі тиімді өнімдер жасауға бағытталған.
"Биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) негізгі құрамдас бөлігі – айқын профилактикалық қасиеттерге ие табиғи антиоксидант ликопин. Оның тағам рационында жеткіліксіз болуы иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулар қаупінің артуына әсер етуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Жоба аясында пайдалы заттарды барынша сақтай отырып, қызанақ пен қарбыздан ұнтақ алу технологиясы әзірленді. Қайта өңдеудің заманауи әдістерін – лиофильді және инфрақызыл кептіруді қолдану шикізаттың түсін, хош иісін және биологиялық құндылығын сақтауға мүмкіндік береді.
"Алынған компоненттер негізінде ағзаның белсенді заттарға тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз ететін ББҚ-ның оңтайлы құрамы қалыптастырылды. Оның құрамына ликопин, қызанақ ұнтағы, қарбыз ұнтағы, асқабақ дәнінің ұнтағы және мақсары майы кіреді", - деліген хабарламада.
Мұндай үйлесім жоғары биожетімділікті, айқын антиоксиданттық әсерді және жақсы органолептикалық қасиеттерді қамтамасыз етіп, өнімді тұрақты қолдануға ыңғайлы етеді.