Биологиялық қоспа сатқан: Астанада қаржы пирамидасын құрған әйел ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Астанада "Happy Life KZ" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Күдікті денсаулыққа пайдалы қоспа сатамын деп, қарттарды алдаған.
"Ол 2016 жылдан 2024 жылға дейін биологиялық белсенді қоспаларды сатамын деген желеумен салымшыларды тартып, оларға әр жаңа қатысушы үшін 10%-дан 300%-ға дейін табыс уәде еткен", - дейді ведомство.
Салым сомасы маркетингтік стратегияға байланысты 7 500-ден 2 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырған.
Күдікті қаржы пирамидасына кіруге 35 адамды көндірген. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 286 миллион теңгеден асады.
"Зардап шеккендердің барлығы – жеңіл табыс туралы құрғақ уәдеге сеніп қалған зейнеткерлер. Олар өз жинағының басқа салымшылар арасында ақша бөлу схемасына айналатынын білмеген", - дейді агенттік.
Қаржылық тергеу жүргізу барысында күдікті заңсыз жолмен алынған қаражатқа элиталық тұрғын үй кешенінен 36 миллион теңге тұратын пәтер сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0