https://sputnik.kz/20260627/100-ge-zhuyq-biregey-zhadiger-shankhayda-almaty-muzeylerinin-kormesi-ashyldy-64503678.html
100-ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды
100-ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды
Sputnik Қазақстан
Көрме 30 тамызға дейін жалғасады 27.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-27T18:41+0500
2026-06-27T18:41+0500
2026-06-27T18:41+0500
алматы
музей
шанхай
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55986846_0:250:3072:1978_1920x0_80_0_0_89eee98849f08322689957cd0610fb02.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.Шанхай тарихи музейінде Алматы музейлері бірлестігінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы" атты халықаралық көрме ашылды.Сондай-ақ, келушілер QR-код арқылы қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының үнін тыңдай алады.Бұл көрме Алматы мен Шанхай қалалары арасында бауырластық байланыс орнатылып, музейлер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейінгі мәдени әріптестіктің жалғасы болды.Көрме 30 тамызға дейін жалғасады. Ол Қытай тұрғындарын Қазақстан тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен таныстырып, екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді, дейді әкімдікте.
https://sputnik.kz/20260614/qazaqstandyq-film-shankhay-khalyqaralyq-kinofestivalinde-korsetiledi-64107870.html
алматы
шанхай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/1c/55986846_39:0:2770:2048_1920x0_80_0_0_bfb330c762ff6dfe269d8e62e73f6327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, музей, шанхай
100-ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды
Көрме 30 тамызға дейін жалғасады
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Шанхай тарихи музейінде Алматы музейлері бірлестігінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы" атты халықаралық көрме ашылды.
"Көрмеде 100-ге жуық бірегей жәдігер ұсынылған. Олардың қатарында дәстүрлі тұрмысқа қатысты бұйымдар, архивтік материалдар, ұлттық музыкалық аспаптар және 1287 жылы Алматыда соғылған күміс дирһамдар бар", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, келушілер QR-код арқылы қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының үнін тыңдай алады.
Бұл көрме Алматы мен Шанхай қалалары арасында бауырластық байланыс орнатылып, музейлер арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейінгі мәдени әріптестіктің жалғасы болды.
Көрме 30 тамызға дейін жалғасады. Ол Қытай тұрғындарын Қазақстан тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен таныстырып, екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайтуға ықпал етеді, дейді әкімдікте.