https://sputnik.kz/20260626/sogys-orti-tutanyp-askeri-qaqtygystar-ushyqqan-zamanda-omir-surip-zhatyrmyz---toqaev-64471161.html
Соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан заманда өмір сүріп жатырмыз - Тоқаев
Соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан заманда өмір сүріп жатырмыз - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан "Айбын" ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар... 26.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-26T14:58+0500
2026-06-26T14:58+0500
2026-06-26T14:58+0500
президент
әскерилер
сарбаз
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64468110_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_4b4e3dd3efea10a8c8fd4cce1c6e14d3.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан "Айбын" ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы бұл өскелең ұрпақтың рухын шыңдайтын, оларды отаншылдыққа тәрбиелейтін өте маңызды іс-шара екенін айтты. Президенттің айтуынша, патриот болу дегеніміз – мемлекеттің саясаты мен стратегиясын іс жүзінде қолдау, ел игілігіне үлес қосу, туған жердің тағдыры үшін жауапкершілік алу."Осы қасиетті борыштың қатарында Отан қорғау ерекше, киелі парыз саналады. Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет. Біз Қарулы күштерді дәйекті түрде жаңғыртуды қолға алдық. Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен даярлықтың озық стандарттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл – заман талабы., - деді президент.Мемлекет басшысының пікірінше, сондықтан қазіргі күрделі сын-қатерлерге төтеп беру үшін дайындығымыз сақадай-сай болуы қажет.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына баса мән беретінін жеткізді."Отан алдындағы жауапкершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрінеді. Әскери қызмет те осы санатта. Мемлекеттік рәміздерге құрмет және азаматтық жауапкершілік жастар дүниетанымының өзегіне айналуға тиіс. Соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан, мемлекеттер санкциядан көз ашпаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Әлемдегі ахуалды алдын ала болжау барған сайын қиындап барады. Осындай кезде ел келешегіне енжар қараудың салдары кейін өзімізге ауыр тиюі мүмкін", – деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20260625/zhurnalister-ultty-orkenietke-zheteleytin-agartushylyq-zholdagy-shamshyraq-boluy-kerek---toqaev-64429960.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64468110_84:0:1196:834_1920x0_80_0_0_7b6fc8bbbdfde46a3db1ae08793f3443.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, әскерилер, сарбаз
президент, әскерилер, сарбаз
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан "Айбын" ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы бұл өскелең ұрпақтың рухын шыңдайтын, оларды отаншылдыққа тәрбиелейтін өте маңызды іс-шара екенін айтты. Президенттің айтуынша, патриот болу дегеніміз – мемлекеттің саясаты мен стратегиясын іс жүзінде қолдау, ел игілігіне үлес қосу, туған жердің тағдыры үшін жауапкершілік алу.
"Осы қасиетті борыштың қатарында Отан қорғау ерекше, киелі парыз саналады. Әскери қызмет – азаматтықтың белгісі әрі қастерлі конституциялық міндет. Біз Қарулы күштерді дәйекті түрде жаңғыртуды қолға алдық. Армияға және әскери білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар, жасанды интеллект пен даярлықтың озық стандарттары белсенді түрде енгізілуде. Бұл – заман талабы., - деді президент.
Мемлекет басшысының пікірінше, сондықтан қазіргі күрделі сын-қатерлерге төтеп беру үшін дайындығымыз сақадай-сай болуы қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына баса мән беретінін жеткізді.
"Отан алдындағы жауапкершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрінеді. Әскери қызмет те осы санатта. Мемлекеттік рәміздерге құрмет және азаматтық жауапкершілік жастар дүниетанымының өзегіне айналуға тиіс. Соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан, мемлекеттер санкциядан көз ашпаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Әлемдегі ахуалды алдын ала болжау барған сайын қиындап барады. Осындай кезде ел келешегіне енжар қараудың салдары кейін өзімізге ауыр тиюі мүмкін", – деді мемлекет басшысы.