Журналистер ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек - Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистерді мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистерді мерекесімен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Жазылу
Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалап
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистерді мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
"Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды", – деді мемлекет басшысы.
Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалап, журналистер қауымы Конституциялық комиссияның қызметі туралы сапалы және мазмұнды хабарлар таратқанын және Ата заңға енгізу үшін ұсынылған түзетулерге қатысты жан-жақты талдау жұмысын жүргізгенін айтты.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистерді мерекесімен құттықтады
Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения работников СМИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистерді мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келе жатқанына сенім білдірді.
"Мерзімді баспасөз бен телевизия бұрынғы үстемдігінен айырылды. Қазіргі жағдай осындай. Алайда мен "Дәстүрлі медианың дәурені өтті" деген пікірмен келіспеймін. Керісінше, газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келеді. Олардың басты артықшылығы – мәселені терең талдап, шолу мен сараптама ұсына алуында", – деді президент.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистерді мерекесімен құттықтады
Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения работников СМИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистерді мерекесімен құттықтады
Сонымен қатар мемлекет басшысы журналистер жалған ақпарат таратуға қарсы күреске атсалысуы керек екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев сән-салтанатты өмір мен "жеңіл ақша" культін дәріптеу дұрыс емес деп санайтынын жеткізді.
"Өйткені бұл өскелең ұрпақты адастырып, олардың дүниетаным құндылықтары мен өмірлік мұратына теріс ықпал етеді. Жастар медиакеңістіктен ысырапшылдық пен мәнсіз ырду-дырдуға толы алдамшы өмірді емес, керісінше, жасампаз еңбектің, адал табыстың, ішкі мәдениеттің нағыз үлгісін көруі керек. Бүгінгі журналистер екі маңызды рөлді қоса атқаруға тиіс: яғни олар шындықты боямасыз көрсететін айна, сонымен қатар ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек", - деді президент.
Мемлекет басшысы Қазақстан – ЕО дөңгелек үстелінде сөз сөйледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Қазақстан Еуропаны 21 аса маңызды минералмен қамтамасыз етуге дайын - Тоқаев
Жаңалықтар
0