https://sputnik.kz/20260624/qazaqstan-eurropany-21-asa-manyzdy-mineralmen-qamtamasyz-etuge-dayyn---toqaev-64379164.html
Қазақстан Еуропаны 21 аса маңызды минералмен қамтамасыз етуге дайын - Тоқаев
Қазақстан Еуропаны 21 аса маңызды минералмен қамтамасыз етуге дайын - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Бұл тәсіл Еуропа стандарттарына толық сай келеді 24.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-24T08:06+0500
2026-06-24T08:06+0500
2026-06-24T08:13+0500
президент
еуропа
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07ea/06/18/64377341_48:74:1242:746_1920x0_80_0_0_904bb862342257d01811f5714746b9a7.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан – ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің іскерлік орта өкілдері қатысқан жиында қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын айтты.Мемлекет басшысы осы сапар барысында жалпы сомасы 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылатынын жеткізді."Қазақстан ЕО аса маңызды шикізат ресурстарының тізбесіне қосқан 34 минералдың 21-імен қамтамасыз етуге әзір. Осы әлеуетті барынша пайдалану үшін біз "офтейк" негізіндегі ынтымақтастық жолын ұсынамыз. Бұл шикізатты өз елімізде өңдеп, қосылған құны жоғары өндіріс тізбегін құруға ықпал етеді. Сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығының құрылуы – аталған бағыттағы серіктестіктің нәтижесі. Сонымен қатар Қазақстан жаһандық жаңа энергетикалық жүйеге көшу бастамасын ілгерілетуге қашанда ынталы", - деді Тоқаев.Ол еліміз ірі уран өндіруші ретінде әлемдегі сұраныстың 40 пайызға жуығын қамтамасыз ететінін, мұнай мен газдың, көмірдің айтарлықтай қоры бола тұра, Қазақстан "жасыл" сутегін өндіру жобасын белсенді түрде қолға алып жатқанын айтты.Бұдан бөлек президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталып, ынтымақтастық әлеуеті зор екенін алға тартты және Қазақстан бұл ретте шынайы стратегиялық серіктестікті жақтайтынын жеткізді.
https://sputnik.kz/20260622/toqaev-bryusselge-resmi-saparmen-bardy-64342138.html
еуропа
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/18/64377341_104:59:1161:852_1920x0_80_0_0_30bfc87373f70ed9eecd3c90398dc751.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, еуропа, қазақстан
президент, еуропа, қазақстан
Қазақстан Еуропаны 21 аса маңызды минералмен қамтамасыз етуге дайын - Тоқаев
08:06 24.06.2026 (жаңартылды: 08:13 24.06.2026) Бұл тәсіл Еуропа стандарттарына толық сай келеді
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан – ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.
Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің іскерлік орта өкілдері қатысқан жиында қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын айтты.
"Бүгінде Еуропалық Одақ еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады, оның үлесіне Қазақстанға шетелден тікелей тартылған инвестицияның жартысына жуығы тиесілі. Тек өткен жылдың өзінде екіжақты тауар айналымы 45 миллиард доллардан асты. Бұл жетістік халықаралық деңгейде мойындалды", – деді президент.
Мемлекет басшысы осы сапар барысында жалпы сомасы 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылатынын жеткізді.
"Қазақстан ЕО аса маңызды шикізат ресурстарының тізбесіне қосқан 34 минералдың 21-імен қамтамасыз етуге әзір. Осы әлеуетті барынша пайдалану үшін біз "офтейк" негізіндегі ынтымақтастық жолын ұсынамыз. Бұл шикізатты өз елімізде өңдеп, қосылған құны жоғары өндіріс тізбегін құруға ықпал етеді. Сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығының құрылуы – аталған бағыттағы серіктестіктің нәтижесі. Сонымен қатар Қазақстан жаһандық жаңа энергетикалық жүйеге көшу бастамасын ілгерілетуге қашанда ынталы", - деді Тоқаев.
Ол еліміз ірі уран өндіруші ретінде әлемдегі сұраныстың 40 пайызға жуығын қамтамасыз ететінін, мұнай мен газдың, көмірдің айтарлықтай қоры бола тұра, Қазақстан "жасыл" сутегін өндіру жобасын белсенді түрде қолға алып жатқанын айтты.
"Бұдан бөлек, Қазақстан аумағында литий, никель, ванадий және кобальттың әлі игерілмеген мол қоры бар. Түптеп келгенде, біз серіктестерге өте прагматикалық формула ұсынамыз: яғни стратегиялық ресурстарға қолжетімділікті инвестицияға және технологияға айырбастауға ниеттіміз. Бұл тәсіл Еуропа стандарттарына толық сай келеді", – деді Қазақстан президенті.
Бұдан бөлек президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталып, ынтымақтастық әлеуеті зор екенін алға тартты және Қазақстан бұл ретте шынайы стратегиялық серіктестікті жақтайтынын жеткізді.