Қазақстанда пластикалық хирургия клиникаларында өрескел заңбұзушылықтар анықталды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЛипосакциядан кейінгі өлім оқиғаларына байланысты медициналық мекемелерге бақылау күшейеді
Липосакциядан кейінгі өлім оқиғаларына байланысты медициналық мекемелерге бақылау күшейеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Жазылу
Пластикалық ота жасайтын мекемелердің барлығына тексеру жүргізіледі
АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Қазақстандағы пластикалық ота жасайтын медициналық ұйымдарда заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтуынша, қажетті құжаттардың болмауы, мамандарда сертификаттың жоқтығы, анестезиологиялық көмектің өз деңгейінде болмауы сынды бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

"Тексеру қорытындысы бойынша аталған медициналық ұйымдардың бірқатар қызметкері жұмыстан шеттетілді. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданды. Ал медициналық мекемелердің лицензиясын қайтарып алу мәселесі сот тәртібімен қаралады. Бұл саладағы талаптарды міндетті түрде күшейтеміз. Бақылауды қатаңдатамыз", - деді Сұлтанғазиев.

Айтуынша, пластикалық ота жасайтын мекемелердің барлығына тексеру жүргізіледі.

Айта кетейік, Ақтаудағы "Қасиет" медициналық орталығында Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов көз жұмды. 49 жастағы депутат сәуір айының басында жеке клиникаға липосакция жасатуға барған. Ол иек астындағы май қабатын алдырмақ болған.

Ал мамырда Алматыда пластикалық ота жасатқан танымал блогер қайтыс болды. Әйел липосакция процедурасына барған. Алайда клиникада оның жүрегі сыр беріп, жағдайы күрт нашарлап кеткен.

Осыдан кейін министрлік мәлімдеме жасап, бұл оқиға ерекше бақылауға алынғанын айтқан болатын.
Во время операции в отделении эксимерлазерной хирургии - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Көзінің түсін өзгерткен Алматы тұрғыны соқыр болып қала жаздады
Жаңалықтар
0