https://sputnik.kz/20260521/bloger-kosmetologiyalyq-klinikada-koz-zhumdy-ministrlik-malimdeme-zhasady-63603616.html
Блогер пластикалық хирургия клиникасында көз жұмды: министрлік мәлімдеме жасады
Блогер пластикалық хирургия клиникасында көз жұмды: министрлік мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Косметологиялық қызмет көрсететін ұйымдарға бақылау күшейтіледі 21.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-21T13:38+0500
2026-05-21T13:38+0500
2026-05-21T14:34+0500
алматы
блогер
операция
https://sputnik.kz/img/07ea/05/05/63197239_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_c34ad0a5cb52428f1ff3a812df7b9ea3.jpg
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия клиникасында әйелдің қайтыс болуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ведомствоның мәліметінше 15 мамырда болған қайғылы оқиға ерекше бақылауға алынған. Жан-жақты тексеру жүргізіледі.Ведомство инвазиялық косметологиялық процедуралар медициналық араласуға жататынын еске салды. Сондықтан мұндай қызметтер тек лицензиясы бар медициналық ұйымдарда жүргізілуге тиіс."Тексеру қорытындысы бойынша заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Сондай-ақ министр тапсырмасымен косметологиялық қызмет көрсететін ұйымдарға бақылау күшейтіледі.Еске сала кетейік, Алматыдағы пластикалық хирургия клиникаларының бірінде 53 жастағы кәсіпкер әрі блогер әйелдің қаза болғаны хабарланған болатын.
https://sputnik.kz/20260521/almatydagy-klinikalardyn-birinde-bloger-koz-zhumdy-63600712.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/05/63197239_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_f36b42fe1683ad109b2f8028daa48ce9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, блогер, операция
Блогер пластикалық хирургия клиникасында көз жұмды: министрлік мәлімдеме жасады
13:38 21.05.2026 (жаңартылды: 14:34 21.05.2026) Косметологиялық қызмет көрсететін ұйымдарға бақылау күшейтіледі
АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия клиникасында әйелдің қайтыс болуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ведомствоның мәліметінше 15 мамырда болған қайғылы оқиға ерекше бақылауға алынған. Жан-жақты тексеру жүргізіледі.
"Тексеру барысында медициналық қызмет көрсетуге лицензияның бар-жоғы, көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы стандарттарға сәйкестігі, медицина қызметкерлерінің біліктілігі, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсету хаттамалары мен талаптарының сақталған-сақталмағаны қаралады", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство инвазиялық косметологиялық процедуралар медициналық араласуға жататынын еске салды. Сондықтан мұндай қызметтер тек лицензиясы бар медициналық ұйымдарда жүргізілуге тиіс.
"Тексеру қорытындысы бойынша заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Сондай-ақ министр тапсырмасымен косметологиялық қызмет көрсететін ұйымдарға бақылау күшейтіледі.
Еске сала кетейік, Алматыдағы пластикалық хирургия клиникаларының бірінде 53 жастағы кәсіпкер әрі блогер әйелдің қаза болғаны
хабарланған болатын.