Алматыда пластикалық хирургия клиникасында танымал блогер көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Жазылу
Полиция қылмыстық іс қозғады
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Алматыдағы пластикалық хирургия клиникаларының бірінде кәсіпкер әрі блогер әйелдің қаза болғаны туралы ақпарат тарады.
Кейбір БАҚ-тың мәліметінше, әйел липосакция процедурасына келген, алайда клиникада оның жүрегі сыр беріп, жағдайы күрт нашарлап кеткен.
Алматы қалалық полиция департаменті әйелдің көз жұмғанын растады.
"15 мамыр күні жеке клиникалардың бірінде Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны көз жұмды. Осы дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады", – деп хабарлады полиция.
Медицинские инструменты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2019
Оқиға
Қазақстандық әйел Ресейде пластикалық ота жасатқаннан кейін көз жұмды 
Жаңалықтар
0