АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Пластикалық ота жасату үшін Саратов клиникаларының біріне барған Қазақстан азаматы көз жұмды, ол операциядан кейін комаға түсіп, есін жимаған.
"Новости Саратова" порталының мәліметінше, оқиға бейсенбі, 21 ақпан күні TerraSomnia клиникасында болған. Отыз тоғыз жастағы әйелге липосакция – хирургиялық жолмен май қыртыстарын алып тастау отасы жасалған.
Саратов прокуратурасы клиникада науқастың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады РИА Новости.
Роза Рымбаева бетіне пластикалық ота жасатқанын мойындады
Сондай-ақ пластикалық хирургия қызметін көрсететін осы клиникада 2017 жылы да науқас көз жұмғаны хабарланып отыр. Ал екі күн бұрын тағы бір әйел клиникаға жарақат келтіргені үшін шағымданған.
Прокуратура бұл клиниканың қызметі тоқтатылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.