АЛМАТЫ, 19 қазан — Sputnik. Кеудесіне пластикалық ота жасатқаннан кейін Орталық қалалық клиникалық ауруханада 8 қазанда қайтыс болған алматылық әйелге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды.
Оның айтуынша, қазір осы екі медициналық мекеме бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
"Сараптаманы тәуелсіз мамандар жасайды. Әйел NOA Estetique пластикалық және лазерлік косметология орталығы базасындағы операция кезінде пайда болған дірілдеуік синдромымен ауруханаға түсті. Бастапқы деректер бойынша, анестезиологиялық препарат солай әсер еткен болса керек. Қазір Алматы қаласының ішкі істер департаменті тергеу жүргізіп жатыр", — деп мәлімет берді басшы телефон арқылы.
Дәрігерлердің қателігінен бойжеткен 15 рет ота жасатқан
Sputnik Қазақстан агенттігіне басқа дереккөз хабарлағандай, әйелге жергілікті анестезия беріп, үрпіні қалыптастырып жетілдіретін операция жасалған.
Белгілі болғандай, Писарев еш жерде жұмыс істемейді. Өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті. Емхана да бұл мәліметті растады.
Көз жұмған әйел 30 жаста еді, аты – Лаура. Отбасындағы жалғыз қыз екен. Расталмаған деректерге сүйенсек, қазақстандық әуекомпанияларының бірінде борт серігі болып қызмет еткен.