Бір күнде мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді

© Photo : Пресс-служба ДЧС ВКОБір күнде мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді
Бір күнде мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Жазылу
Өрт төрт өңірдің орман алқаптарында болған
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. 26 маусымда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Өрт төрт өңірдегі орман алқаптарында болған:
Ақмола облысы — 1 өрт;
Шығыс Қазақстан облысы — 1 өрт;
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты — 9 өрт;
"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты — 2 өрт.
Өрт ошақтарының барлығы орман күзеті мен "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның бірлескен күш-жігерінің арқасында дер кезінде анықталып, жедел оқшауланған.
Сондай-ақ, министрлік "Семей орманы" және "Ертіс орманы" резерваттарының аумағында найзағайлы фронттардың өткенін еске салды. Айтуларынша, осы жағдайға байланысты орман күзеті күшейтілген дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр.
Министрлік өрт қауіпті кезеңде өңір тұрғындарын қаіпсіздікі қағидаларын сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.
Устройства автоматизированной системы мониторинга для раннего обнаружения лесных пожаров установили в Семей Орманы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
"Семей орманы" трагедиясына 3 жыл: орманшылардың жалақысы қалай өзгерді
Жаңалықтар
0