"Семей орманы" трагедиясына 3 жыл: орманшылардың жалақысы қалай өзгерді

© Photo : Акимат Абайской областиУстройства автоматизированной системы мониторинга для раннего обнаружения лесных пожаров установили в "Семей Орманы"
Устройства автоматизированной системы мониторинга для раннего обнаружения лесных пожаров установили в Семей Орманы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Жазылу
Орман өрттерін сөндіруге қатысатын мамандардың еңбекақысына 100 пайыздық үстемеақы қосылған
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев "Семей орманы" қызметкерлерінің қазіргі жалақысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үш жыл бұрын "Семей орманы" аумағында алапат өрт шығып, төтенше жағдай салдарынан 14 орманшы қаза тапқан еді. Осы қайғылы оқиғадан кейін саладағы ескі техникалар мен жалақы мәселесі көтерілген болатын.
Вице-министрдің айтуынша, соңғы үш жыл ішінде орман шаруашылығы мекемелеріне екі мыңнан астам техника сатып алынған. Сонымен қатар қызметкерлердің жалақысы да өскен. Атап айтқанда, орман өрттерін сөндіруге қатысатын мамандардың еңбекақысына 100 пайыздық үстемеақы қосылған.
"Мәселен, өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі еңбек өтіліне байланысты орта есеппен 275 мың теңге алады. Орман өртін сөндіру станциясының бастығы – 355 мың теңге, ал орман өртін сөндіруші орта есеппен 250 мың теңге жалақы алады", – деді Шәрбиев үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, орман шаруашылығындағы мемлекеттік инспекторлардың жалақысы бұдан да жоғары.
"Әкімшілік құрамдағы қызметкерлердің, оның ішінде бухгалтерлер мен экономистердің жалақысы өзгерген жоқ. Олар 150–160 мың теңге көлемінде еңбекақы алады. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға тартылатын қызметкерлердің де айлығы көтерілген жоқ. Дегенмен, "Семей орманы" мекемесінде үнемделген қаражат есебінен қосымша төлемдер қарастырылған", – деп атап өтті вице-министр.
Айта кетері, өткен жылы Семей орманы резерватындағы өртке байланысты жауапты лауазымды тұлғалар сотталған болатын.
Ориентировочная площадь пожара на территории резервата Семей Орманы составляет около 2000 гектаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2025
Семей орманындағы өрті: Бас прокуратура барлық қылмыстық істің соңғы нүктесін қойды
Жаңалықтар
0