https://sputnik.kz/20250122/semey-ormanyndagy-orti-bas-prokuratura--barlyq-qylmystyq-istin-songy-nuktesin-qoydy---50184547.html
Семей орманындағы өрті: Бас прокуратура барлық қылмыстық істің соңғы нүктесін қойды
Семей орманындағы өрті: Бас прокуратура барлық қылмыстық істің соңғы нүктесін қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Бас прокуратура "Семей орманы" резерватындағы өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына... 22.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-22T11:33+0500
2025-01-22T11:33+0500
2025-01-22T11:33+0500
семей
орман
өрт
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/1378/58/13785886_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_e03ec1a649fd8df560a30fd678a0c907.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Бас прокуратура "Семей орманы" резерватындағы өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Осылайша, резерваттың бас директорының міндетін атқарушы мен Новошульбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2024 жылғы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты үкімді өзгеріссіз, сондай-ақ сотталғандардың, адвокаттардың және қорғаушылардың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды. 2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семей қаласының №2 соты резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі (ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі) бойынша мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Сондай-ақ былтырғы жылғы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Осылайша, барлық кінәлі жазаның әртүрлі мерзімдеріне сотталды. Сонымен қатар Бас прокуратураның ұсынуы бойынша экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қадағалау ведомствосы орман және қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізді.
https://sputnik.kz/20230614/semey-ormany-qalay-ortendi--ush-nusqa-qaralyp-zhatyr---35935612.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1378/58/13785886_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_c480302154f940ca8355aa64447738b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, орман, өрт, бас прокуратура
семей, орман, өрт, бас прокуратура
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Бас прокуратура "Семей орманы" резерватындағы өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Осылайша, резерваттың бас директорының міндетін атқарушы мен Новошульбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2024 жылғы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты үкімді өзгеріссіз, сондай-ақ сотталғандардың, адвокаттардың және қорғаушылардың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды.
2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семей қаласының №2 соты резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі (ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі) бойынша мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
Сондай-ақ былтырғы жылғы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен "Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы" РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
Осылайша, барлық кінәлі жазаның әртүрлі мерзімдеріне сотталды. Сонымен қатар Бас прокуратураның ұсынуы бойынша экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері де түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қадағалау ведомствосы орман және қоршаған ортаны қорғау ұйымдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізді.