https://sputnik.kz/20260625/turkistan-oblysyna-bes-ayda-32-mynga-zhuyq-sheteldik-turist-keldi-64411056.html
Түркістан облысына бес айда 32 мыңға жуық шетелдік турист келді
Түркістан облысына бес айда 32 мыңға жуық шетелдік турист келді
Sputnik Қазақстан
Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінен... 25.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-25T08:36+0500
2026-06-25T08:36+0500
2026-06-25T08:36+0500
түркістан
туристер
қала
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0f/63444730_0:40:1280:760_1920x0_80_0_0_4c3d1f1b1004af019466939d75138e68.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Түркістан облысына бес айда 32 мыңға жуық шетелдік турист келді, деп хабарлады облыс әкімдігі.Жалпы 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 143 100 турист саяхаттап келген.Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артық. Саяхатшылардың 77,8 пайызы – отандық туристер болса, 22,2 пайызын шетелдік қонақтар құрайды.Ал өңірдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен табиғи демалыс орындарында есепті кезеңде 60 100 адам демалып, көрсеткіш 2,1 пайызға артты. Жалпы туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 36,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өсті.Қазіргі таңда облыс аумағында 11 туроператор, 45 туристік агенттік және 43 сертификатталған гид қызмет көрсетіп жатыр, дейді әкімдікте.
https://sputnik.kz/20260227/turkistan-oblysyna-kelgen-sheteldik-turister-sany-2-ese-artty-61491661.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/0f/63444730_107:0:1174:800_1920x0_80_0_0_abdec4617900028b1a8f4173f8da2b83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, туристер, қала
түркістан, туристер, қала
Түркістан облысына бес айда 32 мыңға жуық шетелдік турист келді
Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінен келген
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Түркістан облысына бес айда 32 мыңға жуық шетелдік турист келді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жалпы 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 143 100 турист саяхаттап келген.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артық. Саяхатшылардың 77,8 пайызы – отандық туристер болса, 22,2 пайызын шетелдік қонақтар құрайды.
"Жыл басынан бері Түркістан облысына 31 823 шетелдік турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,2 пайызға жоғары. Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінен келген", - деді облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында Open Turkistan" туристік ақпараттық орталығының директоры Асқар Абубакиров.
Ал өңірдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен табиғи демалыс орындарында есепті кезеңде 60 100 адам демалып, көрсеткіш 2,1 пайызға артты. Жалпы туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 36,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өсті.
Қазіргі таңда облыс аумағында 11 туроператор, 45 туристік агенттік және 43 сертификатталған гид қызмет көрсетіп жатыр, дейді әкімдікте.