Қылмыстық топ шекарада арнайы қазылған тоннель арқылы бензин контрабандасын ұйымдастырған

© Photo : pixabay / lppictureТоннель
Тоннель - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Жазылу
Аталған іс бойынша кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері жанар-жағармай материалдарын ел аумағынан заңсыз шығарудың 712 әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасы фактілері бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Мәселен, Маңғыстау облысында 2022 жылдан бері есепке алынбаған 28,5 мың тоннадан астам мұнайды өңдеген заңсыз шағын мұнай өңдеу зауытының қызметі әшкереленді. Өндірілген өнім мазут ретінде рәсімделіп, шетелге шығарылған", - деп жазылған хабарламада.
Ал Түркістан облысында мемлекеттік шекара астынан арнайы қазылған тоннель арқылы Өзбекстан Республикасына бензин контрабандасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Аталған іс бойынша кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, Қырғыз Республикасына АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Заңсыз шығарылған жанармай көлемі 190 мың тоннадан асып, оның құны 37 млрд теңгеден жоғары болған.
"Кезекті заңсыз тасымалдау әрекеті кезінде "Түрксіб" станциясында шамамен 500 тонна бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Құны 138 млн теңге болатын тәркіленген бензин мемлекет кірісіне айналдырылды", - дейді агенттікте.
Жанар-жағармай құю станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2026
Контрабандалық жолмен шетелге 100  мыңнан астам тонна бензин шығару әрекеті әшкереленді
Жаңалықтар
0