Контрабандалық жолмен шетелге 100  мыңнан астам тонна бензин шығару әрекеті әшкереленді

© Sputnik / Абзал КалиевЖанар-жағармай құю станциясы
Жанар-жағармай құю станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2026
Жазылу
Осылайша жанар-жағармай тапшылығының алдын алды
АСТАНА, 12 қаңтар - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Президентке ведомствоның 2025 жылы атқарған қызметінің басты нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.
Есепке сәйкес, 1135 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 141,5 миллиард теңге өтелген. 128 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастаумен шұғылданған 15 қылмыстық топ пен 29 алаңның көзі жойылды.
"Есірткі сатудан және алаяқтық жолмен тапқан ақшаны жылыстатқан 22 астыртын криптоалмасу қызметіне тосқауыл қойылды. Есірткі табысын заңдастыруға қатысы бар 1,1  мыңнан астам заңсыз онлайн криптовалюта айырбастау қызметі мен 20  мың дроп‑карта бұғатталды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар агенттік қызметкерлері контрабандалық жолмен шетелге 102  мың тонна бензин шығару әрекетін әшкерелеп, жанар-жағармай тапшылығының алдын алды.
Халықты онлайн-казинолардан сақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, төлем қызметтерін ұсынатын 35 ұйымның көмегімен 2,1 триллион теңге қаражат заңсыз айналымда жүргені анықталды.
Табиғи ресурстарды барлау жұмыстарын атқармаса да, 437 жер қойнауын пайдаланушыға 625 жер телімін беру, сондай-ақ 382 мың тоннадан астам заңсыз өндірілген пайдалы қазбаны шығару фактілері тіркелді.
МӘМС жүйесінде көрсетілген қызметтердің санын қолдан көбейту, соның ішінде қайтыс болған адамдарға жалған медициналық көмек көрсету арқылы 26 миллиард теңге шығын келтіру фактісі мәлім болды.
Мемлекет басшысы агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Үкімет бензин бағасына енгізілген мораторий аяқталатын уақытты нақтылады
Жаңалықтар
0