Үкімет бензин бағасына енгізілген мораторий аяқталатын уақытты нақтылады

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАвтозаправочная станция, топливные "пистолеты"
Автозаправочная станция, топливные пистолеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2025
Жазылу
Қазіргі мораторий 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бензин бағасына енгізілген мораторий қай кезде аяқталатынын нақтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін үкімет АИ-92 бензині мен дизель отынының бөлшек сауда бағасына уақытша мораторий енгізген болатын. Бірақ нақты мерзімі бекітілген жоқ, "инфляция тұрақталғанға дейін" деп айтылған.
"Біздің ойымызша, қазіргі мораторий 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Сосын қарастырамыз", - деді Жұманғарин сенаттың бүгінгі отырысында.
Айта кетері, мораторий бойынша бензин бағасы литріне 213–239 теңге, дизель отыны – 317–337 теңге аралығында болуы шарт. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарапынан күнделікті мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда монополияға қарсы шаралар қабылданады.
Бензиннің бағасы қандай деңгейде сақталады – тәртібі жарияланды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2025
Бензин бағасы қай деңгейде сақталады – тәртібі жарияланды
Жаңалықтар
0