Маркетплейстер арқылы жеткізілген тауарлардан бюджетке 1,1 млрд теңге кіріс түскен

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуOzon тапсырыстары
Ozon тапсырыстары  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Жазылу
Биыл бес айдың ішінде Қазақстанға 11 млн-нан астам сәлемдеме жеткізілген
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Сенаттың бүгінгі отырысында Қазақстанға маркетплейстер арқылы жіберілген сәлемдемелердің саны жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде шетелдік интернет-алаңдарында сатып алынатын тауарлар тек жеке пайдалануға арналған. Ал баж салығы салынбайтын бір сәлемдемеге қатысты нақты шектеу де бар. Салмағы - 31 келі, ал бағасы 200 еуродан аспауы қажет.
Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылы Қазақстанға 26 млн-нан астам сәлемдеме келген. Жалпы бағасы 286 млрд теңгеден асады. Ал бюджетке 2,8 млрд теңгенің кедендік төлемлері мен салықтары ғана төленген. Себебі баж салығы салынбайтын сәлемдемелердің көлемі 97 процентті құрады.
Биыл бес айдың ішінде Қазақстанға 11 млн-нан астам сәлемдеме жеткізілген. Барлық тауардың бағасы - 131 млрд теңге, бюджетке 1,1 млрд теңге түскен.
Айта кетері, бүгін сенатта қаралған заң аясында жеке пайдалануға сатып алынатын тауарларды да декларациялау жоспарланып отыр. Соның арқасында шетелден жеткізілетін тауарлардың толық статистикасы жасалады. Декларациялаумен маркетплейстердің өздері айналысады. Ал жеке тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді.
AliExpress логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2026
Құны 200 еуродан асса: Temu мен AliExpress-тен тауар алу тәртібі өзгере ме
Жаңалықтар
0