Құны 200 еуродан асса: Temu мен AliExpress-тен тауар алу тәртібі өзгере ме

© AFP 2024 / MARTIN BUREAUAliExpress логотипі
AliExpress логотипі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2026
Жазылу
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қазақстандықтар үшін шетелдік интернет-дүкендерден сәлемдеме алу тәртібі өзгермейді, деп хабарлады қаржы министрлігі.
2026 жылдың екінші жартысынан бастап ЕАЭО елдерінде Temu, AliExpress, iHerb және басқа да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.
Егер сатып алынған тауардың құны 200 еуродан аспаса, ешқандай өзгеріс болмайды:
кедендік баждар мен салықтарды төлеудің қажеті жоқ;
сәлемдеме бұрынғыдай жеткізіледі;
кеден органдарына өз бетінше жүгіну талапетілмейді;
сатып алушының атынан декларацияны электрондық сауда операторлары рәсімдейді.
Олар үшін кедендік декларацияның жаңа түрі – "электрондық сауда тауарларына арналған декларация" енгізіледі. Мұндай декларацияда әртүрлі жеке тұлғаларға тиесілі 999 тауар туралы мәлімет көрсетуге болады. Аталған декларацияны сатып алушылардың атынан кеден органдарына электрондық сауда операторлары ұсынады. Бұл – кеден ісі саласындағы жаңа институт.
Шетелдік маркетплейстерден жеке тұлғалар сатып алатын тауарлар "электрондық сауда тауарлары" атты жеке санатқа жатқызылады.
Сонымен қатар салмақтық шек (31 кг) алынып тасталады. Ал бажсыз әкелу лимиті 200 еуро деңгейінде сақталады.
Өзгерістер негізінен құны жоғары сатып алуларға қатысты болады. Егер тауар құны 200 еуродан асса:
тауар құнының 5%-ы мөлшерінде кедендік баж;
16% мөлшерінде қосылған құн салығы (ҚҚС) төленеді.
Есептеу мысалдары:
250 еуро – 12,5 еуро кедендік баж (шамамен 7 мың теңге) + ҚҚС;
500 еуро – 25 еуро кедендік баж (шамамен 14 мың теңге) + ҚҚС.
Бұл өзгерістер ЕАЭО аумағында кедендік рәсімдеуден өтіп қойған және Wildberries, Ozon, Kaspi.kz сияқты жергілікті интернет-алаңдар арқылы сатылатын тауарларға қолданылмайды.
Осылайша, жеке пайдалану үшін құны 200 еуроға дейінгі тауарларға тапсырыс беретін азаматтардың басым бөлігі үшін сатып алу және сәлемдемені алу тәртібі бұрынғыдай қалады.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2026
Парламенттік реформа: депутаттыққа үміткерлерге қатысты талап өзгере ме
Жаңалықтар
0