SCAT ұшағы Таразға шұғыл қонды: себебі белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневSCAT ұшағы Таразға шұғыл қонды
SCAT ұшағы Таразға шұғыл қонды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Жазылу
Ұшақтағы жағдайды жолаушы әлеуметтік желіде жариялап, адамдардың қорыққанынан сапарды жалғастырудан бас тартқанын айтты
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Алматы-Шымкент рейсі ауа райының күрт нашарлауына байланысты Таразға шұғыл қонды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға SCAT әуе компаниясы.
"Ұшақ қонуға жақындаған кезде жел 24 м/с-қа дейін күшейіп, қатты жаңбырмен бірге найзағай ойнады. Осыған байланысты экипаж Тараздағы қосалқы аэродромға бағытты өзгерту туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады компания.
Бір жарым сағаттан соң ұшақ Тараздан Шымкентке аттанды. Жолаушылардың бірі видео жариялап, әлеуметтік желіде ұшақ Шымкентке жақындаған кезде турбуленттіліктен қорқып, борттағы адамдардың жартысына жуығы ұшуды жалғастырудан бас тартқанын жазды.
"Ұшақ 15 минуттай қатты шайқалды. Біз жерге жақындап қалдық, сондықтан көптеген жолаушылар шошып кетті. Біреулер жылап, дұға етті, ал басқалары сабырлы болуға тырысты. Бортсеріктер жолаушыларды үрейленбеуге шақырып, жағдайдың бақылауда екеніне сендірді. Ұшқыштар үлкен кәсібилік көрсетіп, жағдайды бақылауға алып үлгерді", - деді ол.
Pegasus Airlines ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Ақтөбеге баруы тиісті ұшақ Ақтауға қонды: жолаушылар әуе көлігінен түсуден бас тартты
Жаңалықтар
0