Ақтөбеге баруы тиісті ұшақ Ақтауға қонды: жолаушылар әуе көлігінен түсуден бас тартты

© Photo"Pegasus Airlines" ұшағы
Pegasus Airlines ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Жазылу
Бастапқыда ресейлік БАҚ 40 Ресей азаматы ұшақтан түсуден бас тартқанын хабарлады
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Ресей азаматтары Қазақстанда ұшақтан түсуден бас тартып жатыр.
Себебі, жолаушыларды Ақтөбенің орнына Ақтауға жеткізген.
Екі қала да Батыс Қазақстанда орналасқанымен, олардың арасындағы қашықтық 1000 километрден асады.
Қалың тұманға байланысты ұшақ бағыты өзгертілген. Анықталғандай, Түркияның Pegasus ұшағы Ыстанбұлдан ұшып келе жатқан, оның бортында Қазақстан мен Ресей азаматтары болған.
Бастапқыда ресейлік БАҚ 40 Ресей азаматы ұшақтан түсуден бас тартқанын хабарлады. Қазір Қазақстан Ішкі істер министрлігінің көлік департаментінің мәліметі бойынша, бортта 16 адам қалған.
Pegasus өкілдігі ертең орындалуы тиіс "Ақтау-Ақтөбе" рейсіне билеттерді рәсімдеп жатыр. Билеттерді рәсімдеу аяқталғаннан кейін 16 жолаушы ұшақтан түседі деп күтіліп отыр.
Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Маңғыстау облысының әкімдігі ұсынды.
Әкімдіктегілер қазір Pegasus рейсіндегі барлық жолаушыға қонақ үй және Ақтаудан Ақтөбеге дейін жету нұсқалары ұсынылғанын хабарлады.
Ақтау әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр және апаттық жағдайда қонуды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайды жасап жатыр.
Самолет с министром загорелся в Конго - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2025
Конгода шенеуніктер отырған ұшақ өртенді
Жаңалықтар
0