https://sputnik.kz/20251118/kongoda-sheneunikter-otyrgan-ushaq-ortenip-ketti-58861597.html
Конгода шенеуніктер отырған ұшақ өртенді
Конгода шенеуніктер отырған ұшақ өртенді
Sputnik Қазақстан
Үкімет өкілдері арасында зардап шеккендер жоқ, олар дер кезінде эвакуацияланды 18.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-18T08:52+0500
2025-11-18T08:52+0500
2025-11-18T09:27+0500
шенеунік
ұшақ
ұшақ апаты
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/12/58859924_0:226:511:513_1920x0_80_0_0_a64372a0159d0dc83c8a9adcdbcac090.jpg
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Конгода Калондо кенішіндегі апат болған шахтаға бара жатқан 20 шенеуніктен тұратын делегация ажал құша жаздады, деп хабарлады жергілікті Actuaite.cd басылымы.Киншасадан шыққан делегация отырған ұшақ Колвези қаласының әуежайына қонған кезде өртеніп кеткен.Ньембоның айтуынша, делегация мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген.Тау-кен өнеркәсібі министрі Луи Ватум Кабамба мен өзге де шенеуніктер Калондо мыс-кобальт кенішінде 40-тан аса кеншінің қаза табуына қатысты тергеу жұмыстарын қадағалау үшін Колвезиге жол тартқан болатын.
https://sputnik.kz/20250612/54605105.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/12/58859924_0:178:511:561_1920x0_80_0_0_afbec4fda7a224e317f443b38b03dd22.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шенеунік, ұшақ, ұшақ апаты
шенеунік, ұшақ, ұшақ апаты
Конгода шенеуніктер отырған ұшақ өртенді
08:52 18.11.2025 (жаңартылды: 09:27 18.11.2025) Үкімет өкілдері арасында зардап шеккендер жоқ, олар дер кезінде эвакуацияланды
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Конгода Калондо кенішіндегі апат болған шахтаға бара жатқан 20 шенеуніктен тұратын делегация ажал құша жаздады, деп хабарлады жергілікті Actuaite.cd басылымы.
Киншасадан шыққан делегация отырған ұшақ Колвези қаласының әуежайына қонған кезде өртеніп кеткен.
"Ұшақ дұрыс қона алмай, өртенді. Ол толығымен отқа оранғанға дейін бәріміз сыртқа шығып үлгердік", — деді делегация жетекшісінің коммуникация жөніндегі кеңесшісі Исаак Ньембо.
Ньембоның айтуынша, делегация мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпеген.
Тау-кен өнеркәсібі министрі Луи Ватум Кабамба мен өзге де шенеуніктер Калондо мыс-кобальт кенішінде 40-тан аса кеншінің қаза табуына қатысты тергеу жұмыстарын қадағалау үшін Колвезиге жол тартқан болатын.