Үндістандағы ұшақ апаты: бір жолаушы аман қалды

© PhotoГуджараттағы ұшақ апаты
Гуджараттағы ұшақ апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Жазылу
Қазір ол ауруханада ем алып жатыр
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Үндістанның батысында апатқа ұшыраған ұшақтың бір жолаушысы аман қалды.

"Ол 11А орнында отырған, қазір ол ауруханада ем алып жатыр", - деп хабарлады ANI агенттігі.

Бұған дейін апатқа ұшыраған ұшақ бортындағылардың барлығы қаза тапқаны хабарланған болатын.
"Air India" компаниясының Boeing 787-8 Dreamliner жолаушылар ұшағы Ахмедабад әуежайынан көтерілгеннен кейін апат сигналын берген. Бірақ оған қайта хабарласқанда ешкім жауап бермеді. Ұшақ жақын жердегі дәрігерлер тұратын жатақхананың үстінен құлаған.
Ұшақ капитаны Сумит Сабхарвалдың 8 200 сағаттық ұшу тәжірибесі болған. Ал екінші пилот 1 100 сағат аспанда өткізген, деп жазады жергілікті баспасөз.
Air India таратқан ақпаратқа сәйкес, бортта 242 адам болған. Олардың ішінде 169 адам – Үндістан азаматы, 53 – Ұлыбритания азаматы, Канаданың бір азаматы және Португалияның 7 азаматы.
@sputnik_aitady
Үндістандағы ұшақ апаты: 133 адам қаза тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Үндістандағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 133 адамға жетті
Жаңалықтар
0