https://sputnik.kz/20250612/undistandagy-ushaq-apaty-133-adam-qaza-tapty--54599904.html
Үндістандағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 133 адамға жетті
Үндістандағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 133 адамға жетті
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде құтқару операциясы жалғасып жатыр 12.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-12T16:50+0500
2025-06-12T16:50+0500
2025-06-12T17:20+0500
үндістан
ұшақ апаты
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0c/54598322_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_58aa40a3c70003c64eab0602e59ed6c2.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Үндістанда ұшақ апатынан соңғы мәліметке сәйкес 133 адам қаза тапты. Жолаушылар ұшағы дәрігерлер тұратын жатақхананың үстіне құлаған. Жатақхана әуежайға жақын жерде орналасқан. Қазіргі кезде құтқару операциясы жалғасып жатыр. Соңғы мәліметке сәйкес, ұшақ апатында 133 адам қаза тапты. Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Ахмедабад әуежайынан көтерілгеннен кейін апат сигналын берген. Бірақ оған қайта хабарласқанда ешкім жауап бермеді.Ұшақ капитаны Сумит Сабхарвалдың 8 200 сағаттық ұшу тәжірибесі болған. Ал екінші пилот 1 100 сағат аспанда өткізген, деп жазады жергілікті баспасөз.Еске сала кетейік, жолаушылар ұшағы Ахмедабад әуежайының маңында құлаған. Air India таратқан ақпаратқа сәйкес, бортта 242 адам болған. Олардың ішінде 169 адам – Үндістан азаматы, 53 – Ұлыбритания азаматы, Канаданың бір азаматы және Португалияның 7 азаматы.
https://sputnik.kz/20250612/undistanda-zholaushylar-ushagy-qulady-54590448.html
үндістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0c/54598322_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_a037528822778c66e23e34db49683373.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үндістан, ұшақ апаты
Үндістандағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 133 адамға жетті
16:50 12.06.2025 (жаңартылды: 17:20 12.06.2025) Қазіргі кезде құтқару операциясы жалғасып жатыр
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Үндістанда ұшақ апатынан соңғы мәліметке сәйкес 133 адам қаза тапты.
Жолаушылар ұшағы дәрігерлер тұратын жатақхананың үстіне құлаған. Жатақхана әуежайға жақын жерде орналасқан. Қазіргі кезде құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Соңғы мәліметке сәйкес, ұшақ апатында 133 адам қаза тапты.
Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Ахмедабад әуежайынан көтерілгеннен кейін апат сигналын берген. Бірақ оған қайта хабарласқанда ешкім жауап бермеді.
Ұшақ капитаны Сумит Сабхарвалдың 8 200 сағаттық ұшу тәжірибесі болған. Ал екінші пилот 1 100 сағат аспанда өткізген, деп жазады жергілікті баспасөз.
Еске сала кетейік, жолаушылар ұшағы Ахмедабад әуежайының маңында құлаған. Air India таратқан ақпаратқа сәйкес, бортта 242 адам болған. Олардың ішінде 169 адам – Үндістан азаматы, 53 – Ұлыбритания азаматы, Канаданың бір азаматы және Португалияның 7 азаматы.