Қазақстан өңдеу өнеркәсібі мен технология трансферіне еуропалық инвестиция тартуға ниетті
19:47 23.06.2026 (жаңартылды: 21:33 23.06.2026)

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Бұл туралы Тоқаев ЕО көшбасшыларымен келіссөз жүргізу кезінде мәлімдеді
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық Комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жүргізді.
Президент келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыс екіжақты ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті.
Президент келіссөздер барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыс екіжақты ынтымақтастық тарихындағы ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті.

Бұл туралы Тоқаев ЕО көшбасшыларымен келіссөз жүргізу кезінде мәлімдеді
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
"Өзара сенім мен құрметке негізделген біздің қарым-қатынасымыз шынайы стратегиялық сипатқа ие болды. Мен Брюссельге сан қырлы ынтымақтастығымызды ортақ мүддеміз бар барлық салада тереңдету мақсатында келдім. Жаңа ғана қол қойылған маңызды келісім мен меморандумдар ықпалдастықты одан әрі нығайтуға бейім екеніміздің айқын дәлелі. Бүгінгі келіссөз қорытындылары Қазақстан-Еуропа қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашады деп сенемін", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев еліміздің аймақта бірінші болып ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойып, ратификациялағанын еске салды. Ол сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды.
Айтуынша, бүгінде ЕО Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Еуропалық компаниялар экономикамыздың түрлі саласына зор үлес қосып келеді. Ол еліміз еуропалық инвесторлар үшін тұрақты әрі тартымды инвестициялық климат жасауға ұмтылатынын жеткізді.
"Тоқаев көлік-логистика байланыстарын нығайту мәселелеріне тоқталды. ️Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағдары (Орта дәліз) және ЕО-ның Global Gateway бастамасын ұштастыру перспективасына назар аударды. Сондай-ақ еліміздегі бірқатар ірі көлік-инфрақұрылым жобасына еуропалық серіктестердің қолдау көрсетіп отырғанын жеткізді", - деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
Президент еліміз өңдеу өнеркәсібіне, технология трансферіне және бірлескен өндірістік жобаларға еуропалық инвестиция тартуға ниетті екенін жеткізді. Ол Қазақстанның Еуропалық Одақпен энергетика, соның ішінде атом, цифрлық трансформация, ауыл шаруашылығы, су қауіпсіздігі және климат күн тәртібі секілді бағыттарда ықпалдастықты одан әрі арттыруға мүдделі екенін растады.
