10 жыл бойы өскен: Алматы облысында зейнеткердің мойын тұсынан алып ісік алынды

© Photo : Алматы көпсалалық клиникалық аурухана10 жыл бойы өскен: Алматы облысында зейнеткердің мойын тұсынан алып ісік алынды
10 жыл бойы өскен: Алматы облысында  зейнеткердің мойын тұсынан алып ісік алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Жазылу
Хирургтер ісікті жақасты сілекей безімен бірге алып тастады
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінің дәрігерлері 10 жылдан астам уақыт бойы ісікпен өмір сүрген пациенттің жақасты аймағындағы алып ісікті алды.
Науқас мойын тұсындағы көлемді түзіліске, ауырсынуға, тыныс алудың қиындауына және ұйқысының бұзылуына шағымданған. Тексерістен кейін шұғыл операция жасау туралы шешім қабылданды.
© Алматы көпсалалық клиникалық аурухана10 жыл бойы өскен: Алматы облысында зейнеткердің мойын тұсынан алып ісік алынды
10 жыл бойы өскен: Алматы облысында  зейнеткердің мойын тұсынан алып ісік алынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
10 жыл бойы өскен: Алматы облысында зейнеткердің мойын тұсынан алып ісік алынды
"Хирургтер ісікті жақасты сілекей безімен бірге алып тастады. Күрделі жағдайға қарамастан, операция асқынусыз өтті және өмірлік маңызды құрылымдарға зақым келтірілген жоқ", - дейді Алматы көпсалалы клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
Отадан кейін науқастың жағдайы едәуір жақсарып, тыныс алуы толық қалпына келген. Барлық медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілді.
Мамандардың айтуынша, мұндай белгілерді ұзақ уақыт елемеу ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан бас және мойын аймағында кез келген көлемді түзіліс пайда болған жағдайда дәрігерге дер кезінде қаралуға кеңес береді.
25-килограммовую опухоль удалили у пациентки в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2026
Алматылық дәрігерлер науқастың ішінен салмағы 25 кг тартатын ісік алды
Жаңалықтар
0