https://sputnik.kz/20260320/almatylyq-darigerler-nauqastyn-ishinen-salmagy-25-kg-tartatyn-isik-aldy-62060632.html
Алматылық дәрігерлер науқастың ішінен салмағы 25 кг тартатын ісік алды
Алматылық дәрігерлер науқастың ішінен салмағы 25 кг тартатын ісік алды
Sputnik Қазақстан
Әйел медициналық көмекке жүгінбей, дәстүрлі емес әдістермен емделген 20.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-20T20:33+0500
2026-03-20T20:33+0500
2026-03-20T20:33+0500
ісік
қатерлі ісік
алматы
https://sputnik.kz/img/07ea/03/14/62059422_0:173:639:532_1920x0_80_0_0_90274e8772da91da18c82d62bbb75922.jpg
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Алматыда дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалған бірегей ота жасады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.Салмағы шамамен 25 келі болатын ісік бірнеше ай бойы өскен, бірақ әйел медициналық көмекке жүгінбей, дәстүрлі емес әдістермен емделген.Туыстары әйел өз жағдайын жасырып, тіпті қоспаларды сатып алу үшін кредит алғанын айтқан. Жағдайы нашарлағаннан кейін ғана науқас Алматы онкологиялық орталығына онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевқа қаралған.Олар шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдаған. Ота шамамен 2-2,5 сағатқа созылған. Алынған ісіктің салмағы 25 килограмға жуықтайды. Зерттеу нәтижесі ісіктің қатерлі екенін көрсетті.Қазіргі уақытта науқас химиотерапиядан өтіп жатыр және мамандардың бақылауында.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/14/62059422_0:113:639:592_1920x0_80_0_0_0f0e8e27bb8c7b16a2d418ee93120d04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ісік, қатерлі ісік, алматы
ісік, қатерлі ісік, алматы
Алматылық дәрігерлер науқастың ішінен салмағы 25 кг тартатын ісік алды
Әйел медициналық көмекке жүгінбей, дәстүрлі емес әдістермен емделген
АЛМАТЫ, 20 наурыз – Sputnik. Алматыда дәрігерлер науқастың өмірін сақтап қалған бірегей ота жасады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Салмағы шамамен 25 келі болатын ісік бірнеше ай бойы өскен, бірақ әйел медициналық көмекке жүгінбей, дәстүрлі емес әдістермен емделген.
"1957 жылы туған науқас шамамен алты аптадан екі айға дейін ауырған. Осы уақыт ішінде ол жақсаруға үміттеніп, әртүрлі тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды қабылдаған. Алайда ешқандай нәтиже болмаған - ісік тез өсе берген", - дейді министрлік.
Туыстары әйел өз жағдайын жасырып, тіпті қоспаларды сатып алу үшін кредит алғанын айтқан. Жағдайы нашарлағаннан кейін ғана науқас Алматы онкологиялық орталығына онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевқа қаралған.
"Компьютерлік томография арқылы тексеру кезінде құрсақ қуысы мен жамбас қуысында көлемі 55×35 сантиметр алып ісік анықталды", - дейді дәрігерлер.
Олар шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдаған. Ота шамамен 2-2,5 сағатқа созылған. Алынған ісіктің салмағы 25 килограмға жуықтайды. Зерттеу нәтижесі ісіктің қатерлі екенін көрсетті.
Қазіргі уақытта науқас химиотерапиядан өтіп жатыр және мамандардың бақылауында.