https://sputnik.kz/20260622/milliondagan-adamnyn-omirin-qigan-surapyl-sogys-qalay-bastaldy-64303998.html
Миллиондаған адамның өмірін қиған сұрапыл соғыс қалай басталды
Миллиондаған адамның өмірін қиған сұрапыл соғыс қалай басталды
Sputnik Қазақстан
Жалпы Ұлы Отан соғысы басталғанда неміс армиясы мен оның одақтастарының саны 11 миллионнан асты 22.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-22T08:06+0500
2026-06-22T08:06+0500
2026-06-22T08:06+0500
ұлы отан соғысы
9 мамыр – жеңіс күні
ардагерлер
https://sputnik.kz/img/07ea/02/17/61379262_0:0:3271:1841_1920x0_80_0_0_b653b467bf810006707cbf7aa9aef690.jpg
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Осыдан 84 жыл бұрын 22 маусымда фашистік Германия және оның жақтастары Кеңес Одағына баса көктеп кірді. Олар соғыс жариялаған да жоқ. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысында 25-27 миллион адам қаза болды.5 миллион фашист шекараны кесіп өттіГермания II Дүниежүзілік соғысты 1939 жылы қыркүйек айында бастап кетті. Ол кезде қарулы қақтығыстар Еуропа жерінде жүріп жатты. Сұрапыл соғыс Кеңес Одағына келеді деп ешкім ойламаған.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия КСРО-ға баса көктеп кірді. Олармен бірге Румыния, Венгрия, Финляндия, сондай-ақ, Хорватия, Словакия, Испания, Голландия, Норвегия, Дания, Швеция және Еуропаның басқа да елдерінің ерікті құрылымдары болды. Германияның одақтастары – Италия мен Жапония да КСРО-ға қарсы шықты.Мұрағат деректеріне сәйкес, сол күні Кеңес Одағының шекарасын жаудың шамамен бес жарым миллион солдаты мен офицері кесіп өтті. Ал жұмысшылар мен шаруалардың Қызыл Армиясында бар болғаны бес миллионнан астам адам болды. Жалпы Ұлы Отан соғысы басталғанда неміс армиясы мен оның одақтастарының саны 11 миллионнан асты. КСРО бұл соғысқа дайын болмай қалды.Бірінші шабуылдар қалай жасалдыНеміс-фашист басқыншылары КСРО-ға қарсы соғысты 22 маусымда тура сағат 4:00-де бастаған. Алайда мұрағат материалдары бойынша шекараны бұзу әрекеттері одан бұрын басталған.Түнгі сағат 3:30-да жаудың авиациясы Беларусьтың Брест, Гродно, Барановичи, Кобрин және тағы басқа қалаларына соққы жасады. Бірнеше минуттан кейін неміс ұшақтары Украинаға бомба тастай бастады. Соның ішінде Киев қаласы да бар. Артынан Балтық жағалауы елдерін шабуылдады.Таңғы сағат бестің кезінде бас қолбасшы Иосиф Сталинге неміс жаяу әскерінің Батыс және Балтық жағалауына қарай шыққаны туралы хабар берілді. Шамамен осы уақытта фашистердің артиллериясы Брест қамалына оқ жаудырды.Сталин бірден сенбедіКСРО-ның сол кездегі басшысы Сталин Германия мен оның одақтарының соғыс ашқанына бірден сенген жоқ. Таңғы сағат 4:30-да Кремльде өткен саяси бюро мүшелерінің кеңесінде ол шекарадағы жағдайды Германия тарапынан жасалған араңдатушылық әрекет деп санайтынын айтты. Жарты сағаттан кейін ғана Германияның КСРО-дағы елшісі, граф фон Шуленбург халық комиссары Молотовқа "Германия сыртқы істер министрлігінің Кеңес үкіметіне арналған нотасын" тапсырды. Осы құжатта Германияның КСРО-ны Еуропаның шығыс шекарасындағы үлкен қауіп ретінде қарастыратыны, сол себепті Гитлердің бұл қауіп-қатерді жоюға бұйрық бергені туралы жазылды.22 маусымда түске қарай сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов радио арқылы Ұлы Отан соғысының басталғанын мәлімдеді.600 мың қазақстандық үйге оралған жоқҰлы Отан соғысы кезінде қан майданға қазақ жерінен 1,5 миллионға тарта адам аттанған. Қолына қару алған әрбір екінші отандасымыз Жеңіс үшін жанын пида етті. 600 мыңнан астамы отанына оралған жоқ.Қазақстанда барлығы 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және қарулы күштер мен әскер түрлерінің әр саладағы жеке полктері мен батальондары жасақталды. Олар Мәскеу мен Ленинградты жанкештілікпен қорғап, Украина мен Беларусь, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.Соғыста көрсеткен ерлігі үшін мыңдаған қазақстандық медаль және орденмен марапатталды. 500-ге жуығы Кеңес одағының Батыры атағына ие болса, төртеуі екі рет батыр атанды. 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.Соғыстан кейін әлем қалай өзгердіЖауды жеңу соғысты тоқтату дегенді білдірген жоқ. 1945 жылдың шілдесінде "үлкен үштіктің" басшылары жаңа әлемдік тәртіптің қандай болатынын шешу үшін соңғы рет келіссөз үстеліне отырды.Потсдамдағы Цецилиенхоф сарайы екі аптадан астам уақыт бойы күрделі және кейде қатаң дипломатиялық келіссөздің аренасына айналды.Өтемақы төлеу ең күрделі мәселелердің біріне айналды. Кеңес делегациясы КСРО-ның нацизмнен қатты зардап шеккенін бірнеше рет атап өтті.Неміс активтерінің бір бөлігі соғысқа дейін Батыс елдеріне өтіп кеткен.Мәскеу жағдайды ушықтырмады және демократиялық Батыстың нацистермен соғысқа дейінгі экономикалық байланысына баса назар аударды. Кепілдендірілген өтемақыға ымыраға келу арқылы ғана қол жеткізуге болатын еді.Сталин Германияның Батыстағы барлық инвестициясы мен алтын қорын одақтастарға қалдыруды ұйғарды. Қызыл Армия орналасқан Шығыс Еуропадағының бәрі Мәскеуге өтті.Осы тарихи шараға қатысты қызықты деректер мен мұрағаттан алынған фотоларды мына жерден көруге болады.
https://sputnik.kz/20260506/dosymdy-oz-qolymmen-zherledim-uos-ardagerinin-esteligi-63219954.html
https://sputnik.kz/20250509/uos-batyrlarynyn-portretteri-beynelengen-poyyzdar-astanadan-zholga-shyqty-53420407.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/17/61379262_301:0:3032:2048_1920x0_80_0_0_dcbdbf562a26ca209e6ad7162fd9b431.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы, 9 мамыр – жеңіс күні, ардагерлер
ұлы отан соғысы, 9 мамыр – жеңіс күні, ардагерлер
Миллиондаған адамның өмірін қиған сұрапыл соғыс қалай басталды
Жалпы Ұлы Отан соғысы басталғанда неміс армиясы мен оның одақтастарының саны 11 миллионнан асты
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Осыдан 84 жыл бұрын 22 маусымда фашистік Германия және оның жақтастары Кеңес Одағына баса көктеп кірді. Олар соғыс жариялаған да жоқ. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысында 25-27 миллион адам қаза болды.
5 миллион фашист шекараны кесіп өтті
Германия II Дүниежүзілік соғысты 1939 жылы қыркүйек айында бастап кетті. Ол кезде қарулы қақтығыстар Еуропа жерінде жүріп жатты. Сұрапыл соғыс Кеңес Одағына келеді деп ешкім ойламаған.
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия КСРО-ға баса көктеп кірді. Олармен бірге Румыния, Венгрия, Финляндия, сондай-ақ, Хорватия, Словакия, Испания, Голландия, Норвегия, Дания, Швеция және Еуропаның басқа да елдерінің ерікті құрылымдары болды. Германияның одақтастары – Италия мен Жапония да КСРО-ға қарсы шықты.
Мұрағат деректеріне сәйкес, сол күні Кеңес Одағының шекарасын жаудың шамамен бес жарым миллион солдаты мен офицері кесіп өтті. Ал жұмысшылар мен шаруалардың Қызыл Армиясында бар болғаны бес миллионнан астам адам болды. Жалпы Ұлы Отан соғысы басталғанда неміс армиясы мен оның одақтастарының саны 11 миллионнан асты. КСРО бұл соғысқа дайын болмай қалды.
Бірінші шабуылдар қалай жасалды
Неміс-фашист басқыншылары КСРО-ға қарсы соғысты 22 маусымда тура сағат 4:00-де бастаған. Алайда мұрағат материалдары бойынша шекараны бұзу әрекеттері одан бұрын басталған.
Түнгі сағат 3:30-да жаудың авиациясы Беларусьтың Брест, Гродно, Барановичи, Кобрин және тағы басқа қалаларына соққы жасады. Бірнеше минуттан кейін неміс ұшақтары Украинаға бомба тастай бастады. Соның ішінде Киев қаласы да бар. Артынан Балтық жағалауы елдерін шабуылдады.
Таңғы сағат бестің кезінде бас қолбасшы Иосиф Сталинге неміс жаяу әскерінің Батыс және Балтық жағалауына қарай шыққаны туралы хабар берілді. Шамамен осы уақытта фашистердің артиллериясы Брест қамалына оқ жаудырды.
КСРО-ның сол кездегі басшысы Сталин Германия мен оның одақтарының соғыс ашқанына бірден сенген жоқ. Таңғы сағат 4:30-да Кремльде өткен саяси бюро мүшелерінің кеңесінде ол шекарадағы жағдайды Германия тарапынан жасалған араңдатушылық әрекет деп санайтынын айтты. Жарты сағаттан кейін ғана Германияның КСРО-дағы елшісі, граф фон Шуленбург халық комиссары Молотовқа "Германия сыртқы істер министрлігінің Кеңес үкіметіне арналған нотасын" тапсырды. Осы құжатта Германияның КСРО-ны Еуропаның шығыс шекарасындағы үлкен қауіп ретінде қарастыратыны, сол себепті Гитлердің бұл қауіп-қатерді жоюға бұйрық бергені туралы жазылды.
22 маусымда түске қарай сыртқы істер халық комиссары Вячеслав Молотов радио арқылы Ұлы Отан соғысының басталғанын мәлімдеді.
600 мың қазақстандық үйге оралған жоқ
Ұлы Отан соғысы кезінде қан майданға қазақ жерінен 1,5 миллионға тарта адам аттанған. Қолына қару алған әрбір екінші отандасымыз Жеңіс үшін жанын пида етті. 600 мыңнан астамы отанына оралған жоқ.
Қазақстанда барлығы 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және қарулы күштер мен әскер түрлерінің әр саладағы жеке полктері мен батальондары жасақталды. Олар Мәскеу мен Ленинградты жанкештілікпен қорғап, Украина мен Беларусь, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Соғыста көрсеткен ерлігі үшін мыңдаған қазақстандық медаль және орденмен марапатталды. 500-ге жуығы Кеңес одағының Батыры атағына ие болса, төртеуі екі рет батыр атанды. 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Соғыстан кейін әлем қалай өзгерді
Жауды жеңу соғысты тоқтату дегенді білдірген жоқ. 1945 жылдың шілдесінде "үлкен үштіктің" басшылары жаңа әлемдік тәртіптің қандай болатынын шешу үшін соңғы рет келіссөз үстеліне отырды.
Потсдамдағы Цецилиенхоф сарайы екі аптадан астам уақыт бойы күрделі және кейде қатаң дипломатиялық келіссөздің аренасына айналды.
Өтемақы төлеу ең күрделі мәселелердің біріне айналды. Кеңес делегациясы КСРО-ның нацизмнен қатты зардап шеккенін бірнеше рет атап өтті.
"Ең болмағанда жиырмадан бір бөлігін өтеу керек", - деді Сталин Потсдамда.
Неміс активтерінің бір бөлігі соғысқа дейін Батыс елдеріне өтіп кеткен.
Мәскеу жағдайды ушықтырмады және демократиялық Батыстың нацистермен соғысқа дейінгі экономикалық байланысына баса назар аударды. Кепілдендірілген өтемақыға ымыраға келу арқылы ғана қол жеткізуге болатын еді.
Сталин Германияның Батыстағы барлық инвестициясы мен алтын қорын одақтастарға қалдыруды ұйғарды. Қызыл Армия орналасқан Шығыс Еуропадағының бәрі Мәскеуге өтті.
Осы тарихи шараға қатысты қызықты деректер мен мұрағаттан алынған фотоларды мына
жерден көруге болады.