https://sputnik.kz/20260621/tarazda-er-adam-tuzeu-mekemesine-kamerasy-bar-kozildirik-alyp-kirmek-bolgan--64288999.html
Таразда ер адам түзеу мекемесіне камерасы бар көзілдірік алып кірмек болған
Таразда ер адам түзеу мекемесіне камерасы бар көзілдірік алып кірмек болған
Sputnik Қазақстан
Осы факті бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды 21.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-21T09:53+0500
2026-06-21T09:53+0500
2026-06-21T09:53+0500
тараз
түрме
сот
https://sputnik.kz/img/07ea/06/15/64289091_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_87a4deb5acae79daab3ad512492c5f29.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Тараздағы түзеу мекемесіне жасырын камерасы бар көзілдірік кіргізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Ұлттық ұлан.19 маусым күні сағат шамамен 13:10-да алдын ала алынған жедел ақпаратты іске асыру барысында №59 мекемесі қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлесіп, қысқа мерзімді кездесу үшін келген азаматтың жеке заттарын тексеру іс-шараларын жүргізді.Аталған зат кәдімгі қара көзілдірік болып көрінгенімен, іс жүзінде жасырын аудио және бейнежазба жасау құралдарымен жабдықталған құрылғы болып шықты. Тексеру іс-шаралары басталар алдында азаматқа заңда белгіленген тәртіппен тыйым салынған заттар мен техникалық құралдарды өз еркімен тапсыру талабы түсіндірілген болатын, алайда бұл талап орындалмаған.Осы факті бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.Сондай-ақ ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілді. Жиналған материалдар құқықтық баға беру үшін сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20260605/shygys-qazaqstanda-zhas-zhigit-15-uyaly-telefondy-turme-qorshauynan-laqtyrmaq-bolgan-63955899.html
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/15/64289091_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_392680ec5747296192042cc611db315b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, түрме, сот
Таразда ер адам түзеу мекемесіне камерасы бар көзілдірік алып кірмек болған
Осы факті бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Тараздағы түзеу мекемесіне жасырын камерасы бар көзілдірік кіргізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Ұлттық ұлан.
19 маусым күні сағат шамамен 13:10-да алдын ала алынған жедел ақпаратты іске асыру барысында №59 мекемесі қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлесіп, қысқа мерзімді кездесу үшін келген азаматтың жеке заттарын тексеру іс-шараларын жүргізді.
"Тексеру барысында келушінің жеке заттарының арасынан мекеме аумағына алып кіруге тыйым салынған техникалық құрылғы анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Аталған зат кәдімгі қара көзілдірік болып көрінгенімен, іс жүзінде жасырын аудио және бейнежазба жасау құралдарымен жабдықталған құрылғы болып шықты. Тексеру іс-шаралары басталар алдында азаматқа заңда белгіленген тәртіппен тыйым салынған заттар мен техникалық құралдарды өз еркімен тапсыру талабы түсіндірілген болатын, алайда бұл талап орындалмаған.
Осы факті бойынша материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.
Сондай-ақ ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілді. Жиналған материалдар құқықтық баға беру үшін сотқа жолданды.