Шығыс Қазақстанда жас жігіт 15 ұялы телефонды түрме қоршауынан лақтырмақ болған

© Photo : Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіШығыс Қазақстанда жас жігіт 15 ұялы телефонды түрме қоршауынан лақтырмақ болған
Шығыс Қазақстанда жас жігіт 15 ұялы телефонды түрме қоршауынан лақтырмақ болған - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Жазылу
Тәркіленген құрылғылардың барлығы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың біріне арналуы мүмкін
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің біріне бірден 15 ұялы телефонды заңсыз жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі уақытта жас жігіт мекеме аумағына тыйым салынған заттарды қоршау арқылы лақтырмақ болған сәтте оны мекеменің тәртіп сақшылары ұстап алған.
"Жеке тінту барысында күдіктінің жанынан мұқият оралған бірнеше түйіншек салынған пакет табылды. Тексеру кезінде олардың ішінен Samsung, Redmi, Huawei, Oppo және iPhone секілді 15 телефон анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала жедел ақпаратқа сәйкес, тәркіленген құрылғылардың барлығы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың біріне арналуы мүмкін. Ал ұялы телефондар түзеу мекемелеріне заңсыз жеткізуге жиі әрекет жасалатын тыйым салынған заттардың қатарына жатады.
Мұндай құрылғылар сотталғандарға сыртқы ортамен бақылаусыз байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, белгіленген режим талаптарының бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Аталған дерек бойынша барлық құрылғылар тәркіленді. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті материалдар жинақталып жатыр.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
Шымкентте түрме қызметкерлері қамауға алынды
Жаңалықтар
0