https://sputnik.kz/20260105/shymkentte-turme-qyzmetkerleri-qamauga-alyndy-60155048.html
Шымкентте түрме қызметкерлері қамауға алынды
Шымкентте түрме қызметкерлері қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Мекеме қызметкерлері сотталушыны ұрып-соғып, темір торға іліп қойған 05.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-05T15:29+0500
2026-01-05T15:29+0500
2026-01-05T16:40+0500
шымкент
түрме
азаптау
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Шымкентте сотталғандарды азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Адам құқықтары жөніндегі уәкіл таратқан мәліметке сәйкес, өңірлік өкіл жеке қабылдау өткізгенде сотталғандардың біреуі арызданған. Оның айтуынша, былтыр жазда мекеме қызметкерлері қолына кісен салып, ұрып-соғып, темір торға іліп қойған. Осылайша, 4 сағат бойы асулы күйде ұстаған. Онымен қоймай, аяқ киімін шешіп, табанынан шоқпармен ұрған. Ал тағы бір сотталғанның жақ сүйегін сындырған.Өңірлік өкілдің араласуымен түрме қызметкерлері билікті асыра пайдаланғаны үшін тергеуге алынған болатын. Бірақ полицейлер азаптау әрекеті бар деген шешімге келді. Бас прокуратура осы ұстанымды қолдап, адамдар тобымен жасалған азаптау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.Айта кетері, мұндай қылмыстар үшін 5 000 АЕК-ке (2026 жылы - 21,6 млн теңгеге) дейiн айыппұл салу, не түзеу жұмыстарына салу, я болмаса, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.
https://sputnik.kz/20230602/shygys-qazaqstanda-turme-qyzmetkeri-sottalgandardy-azaptauga-nusqau-bergen-35544264.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, түрме, азаптау
Шымкентте түрме қызметкерлері қамауға алынды
15:29 05.01.2026 (жаңартылды: 16:40 05.01.2026) Мекеме қызметкерлері сотталушыны ұрып-соғып, темір торға іліп қойған
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Шымкентте сотталғандарды азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл таратқан мәліметке сәйкес, өңірлік өкіл жеке қабылдау өткізгенде сотталғандардың біреуі арызданған. Оның айтуынша, былтыр жазда мекеме қызметкерлері қолына кісен салып, ұрып-соғып, темір торға іліп қойған. Осылайша, 4 сағат бойы асулы күйде ұстаған. Онымен қоймай, аяқ киімін шешіп, табанынан шоқпармен ұрған. Ал тағы бір сотталғанның жақ сүйегін сындырған.
Өңірлік өкілдің араласуымен түрме қызметкерлері билікті асыра пайдаланғаны үшін тергеуге алынған болатын. Бірақ полицейлер азаптау әрекеті бар деген шешімге келді. Бас прокуратура осы ұстанымды қолдап, адамдар тобымен жасалған азаптау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мекеменің үш қызметкері қамауға алынды.
Айта кетері, мұндай қылмыстар үшін 5 000 АЕК-ке (2026 жылы - 21,6 млн теңгеге) дейiн айыппұл салу, не түзеу жұмыстарына салу, я болмаса, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.