Шығыс Қазақстанда түрме қызметкері сотталғандарды азаптауға нұсқау берген

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Арнайы прокурорлар Шығыс Қазақстан облысындағы колониядаадамдардың азапталғанын анықтады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Жоғарғы сот бас прокурордың наразылығы бойынша облыстық соттың полиция қызметкеріне қатысты ақтау үкімінің күшін жойды.
Бұған дейін оны бірінші сатыдағы сот жүйелі түрде азаптау ұйымдастырды деп айыптап, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырған болатын.
"Тергеу барысында Бас прокуратураның арнайы прокурорлары мекемеде экс-полиция қызметкерінің басшылығымен жазасын өтеп жатқан адамдарға қатысты азаптау қолданылғаны туралы бұлтартпас дәлелдер тапты", - деп хабарлады ведомство.
Полиция қызметкері басқа сотталғандарға жала жабылған кінәлілерді азаптауғатапсырма берген. Оларанығында режимді бұзбайтын тәртіп бұзушылықтар үшін жазаланған.
"Мысалы, сотталушы сақал-мұртын дұрыстап қырмаса немесе мекеме қызметкерлерінің аты-жөнін ұмытып қалғаны үшін жазаланған. Барлық азаптау процесі бейнекамераға жазылған", - деп мәлімдеді Бас прокуратура өкілдері.
Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкері азаптауды ұйымдастырушы ретінде сотталды. Осы тектес фактілерді анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
Ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2018
Әлем
Жазықсыз 23 жыл түрмеде отырған адам ақталып шықты
Жаңалықтар
0