Әлем

Жазықсыз 23 жыл түрмеде отырған адам ақталып шықты

© AP Photo / Gregorio BorgiaЕр адам, архивтегі фото
Ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық істі қайта талқылау биыл 50 жасқа толған ер адамның кінәсіз екенін анықтады

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Қытайда қыз зорлады және оны өлтірді деген айыппен 23 жыл түрмеде отырған жазықсыз ер адам бостандыққа шықты, деп хабарлады Asia One.

1996 жылы Цзинь Чжэхун  20 жастағы қызды зорлап, өлтіргені үшін кейінге қалдырылған өлім жазасына кесілді.

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бас прокурордың аға көмекшісі мен тергеуші жазықсыз адамдарды соттаған

Сотталушы қылмысты азаптау кезінде мойнына алғанын мәлімдеп, үкімге  шағымданады, дегенмен сот жазаны күшінде қалдырған.

2014 жылы The Paper газеті осы істі тергеумен айналыса бастайды. Содан кейін қытай билігі оны қайтадан қарауға уәде еткен.

Сотталушының адвокаты қорғауындағы азаматтың кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтар жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен бірге істе елеулі сәйкессіздіктер бар – мысалы, жәбірленушінің денесі темекімен күйдірілгені анықталды, бірақ Цзинь Чжэхун темекі шекпейді екен.

Қылмыстық істі қайта талқылау биыл 50 жасқа толған ер адамның кінәсіз екенін анықтады. Бүгін сот одан барлық айыпты алып тастады.  


Жаңалықтар
0