Ақмола облысында 30 млн теңгенің синтетикалық есірткісі тәркіленді

© Photo : Polisia.kzҰлытаудағы есірткі контрабандасы
Ұлытаудағы есірткі контрабандасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2026
Жазылу
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Ақмола облысында полиция заңсыз айналымнан синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлады ішкі істер министрлгі.
Полиция қызметкерлері ірі есірткі сатушының қызметін тоқтатып, заңсыз айналымнан синтетикалық есірткілер партиясын тәркіледі. Алынған есірткінің құны қара нарықта шамамен 30 млн теңгені құрайды.
Тексеру барысында Ақмола облысының 47 жастағы тұрғыны тыйым салынған заттарды сақтап, оларды буып-түюмен айналысқаны анықталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткімен күрес полицейлері күдіктіні облыс орталығының аумағында ұстады. Автокөлікті тінту кезінде психотроптық заты бар екі полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар тергеу іс-қимылдары барысында күдікті Көкшетауға синтетикалық есірткінің ірі партиясын жеткізгені анықталды, оны шағын дозаларға бөліп, одан әрі тарату үшін жеткізуші-курьерлерге беруді жоспарлаған.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы және ұсталған адамның ықтимал сыбайластары анықталып жатыр.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Есірткі өндірумен айналысқан: трансұлттық қылмыстық топ құрамындағы шетелдіктер сотталды
Жаңалықтар
0