Астанада баспанаға мұқтаж жандарды алдаған күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2026
Жазылу
Ол жәбірленушілердің бірінен 1 миллион теңге алып, ақшаны жеке қажетіне жұмсаған
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Елордада мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деген әйел 50-ден астам адамды алдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы пәтер алып беруге уәде еткен күдіктінің заңсыз әрекеті әшкереленді.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 36 жастағы елорда тұрғыны азаматтардың баспанаға мұқтаж екенін пайдаланып, өзін сенімді тұлға ретінде таныстырған. Ол мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында пәтер алуға көмектесетінін айтып, жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың қомақты қаражатын иемденген.
Күдікті тұрғын үй кезегін жылдамдатуға, қажетті құжаттарды рәсімдеуге және мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға ықпал ете алатынын алға тартқан.
Осы тәсілмен ол жәбірленушілердің бірінен 1 миллион теңге алып, ақшаны жеке қажетіне жұмсаған.
Қазіргі уақытта әйелдің осыған ұқсас 50-ден астам алаяқтық дерегіне қатысы болуы мүмкін екені анықталды.
Азаматтардың баспаналы болуға деген үмітін пайда көзіне айналдырған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Суд, правосудие - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Астанада әріптестерін алдаған әйел сотталды
Жаңалықтар
0