https://sputnik.kz/20260410/astanada-ariptesterin-aldagan-ayel-sottaldy-62540675.html
Астанада әріптестерін алдаған әйел сотталды
Астанада әріптестерін алдаған әйел сотталды
Sputnik Қазақстан
Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірілген 10.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-10T14:58+0500
2026-04-10T14:58+0500
2026-04-10T14:58+0500
астана
сот
сот үкімі
сот шешімі
сот отырысы
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:432:4608:3024_1920x0_80_0_0_84e6bdc43a7cf427cb9001347394bd24.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Отбасылық жағдайын сылтауратып, алаяқтық жасаған әйел сотталды, деп хабарлады Астана прокуратурасының сайты.Сотталған әйел декреттік демалыста отырып, өзінің әріптестерін бір жыл бойы алдап келген. Ол отбасында қайғылы оқиғалар болғанын, оның ішінде анасы дүниеден өтіп, баласының ауыр хәлге түскені жөнінде жалған мәлімет берген, сол арқылы жанашырлық сезімін тудырған.Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірілген.Жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, келтірілген залалды ішінара өтеуін ескере отырып, сот оған 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілей отырып, бас бостандығын шектеу жазасын кесті.Үкім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20251013/balam-terezeden-qulap-ketti-elordada-ayel-ariptesterin-aldap-turkiyada-demalyp-qaytqan-57858322.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/82/128220_0:0:4608:3456_1920x0_80_0_0_94c960f057d8bbe86e7f741553f5d4a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, сот, сот үкімі, сот шешімі, сот отырысы, алаяқтық
астана, сот, сот үкімі, сот шешімі, сот отырысы, алаяқтық
Астанада әріптестерін алдаған әйел сотталды
Жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірілген
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Отбасылық жағдайын сылтауратып, алаяқтық жасаған әйел сотталды, деп хабарлады Астана прокуратурасының сайты.
Сотталған әйел декреттік демалыста отырып, өзінің әріптестерін бір жыл бойы алдап келген. Ол отбасында қайғылы оқиғалар болғанын, оның ішінде анасы дүниеден өтіп, баласының ауыр хәлге түскені жөнінде жалған мәлімет берген, сол арқылы жанашырлық сезімін тудырған.
"Оның сөзіне сенген әріптестері отбасылық мәселелерді шешуге және баланы емдеуге ақша қаражатын аударып отырған", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, келтірілген залалды ішінара өтеуін ескере отырып, сот оған 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілей отырып, бас бостандығын шектеу жазасын кесті.