https://sputnik.kz/20260620/aqtobede-gaz-quyu-beketinde-kolik-ortenip-ush-adam-tiridey-zhanyp-ketti-64265389.html
Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті
Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті
Sputnik Қазақстан
Олардың екеуі – кәмелетке толмаған бала 20.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-20T09:56+0500
2026-06-20T09:56+0500
2026-06-20T09:56+0500
ақтөбе
көлік
өрт
https://sputnik.kz/img/104/29/1042916_0:100:1200:775_1920x0_80_0_0_cf79db1b4ec141b03dbb22e0e804e951.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақтөбеде газ құю бекетінде тұрған көлік өртенді. Салдарынан үш адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, олардың екеуі – кәмелетке толмаған бала.Өрт хабарлама түскеннен кейін 8 минут өткен соң сағат 23:03-те толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермеді.Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды, олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Бір зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.Оқиғаны жою жұмыстарына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарын қоса алғанда, ТЖД-ның 50 ге жуық қызметкері және 10-нан астам техника жұмылдырылды.Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
https://sputnik.kz/20240811/turkistan-oblysynda-shop-tielgen-zhuk-koligi-ortenip-ketti-zhurgizushi-zardap-shekti-46224123.html
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/104/29/1042916_93:0:1160:800_1920x0_80_0_0_7472b261ac63fc85d448e57e3e67d986.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, көлік, өрт
Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті
Олардың екеуі – кәмелетке толмаған бала
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ақтөбеде газ құю бекетінде тұрған көлік өртенді. Салдарынан үш адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, олардың екеуі – кәмелетке толмаған бала.
"19 маусымда сағат 22:55-те 112 пультіне Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының аумағында автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түст", - делінген ТЖД хабарламасында.
Өрт хабарлама түскеннен кейін 8 минут өткен соң сағат 23:03-те толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермеді.
Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды, олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Бір зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.
Оқиғаны жою жұмыстарына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарын қоса алғанда, ТЖД-ның 50 ге жуық қызметкері және 10-нан астам техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.