Түркістан облысында шөп тиелген жүк көлігі өртеніп кетті: жүргізуші зардап шекті

© РИА НовостиСолома горит. Архивное фото - рекадр
Солома горит. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Бүгін Түркістан облысында шөп тиелген жүк көлігі мен шөп жиналған қора жанып кетті. Төтенше жағдайлар екі бөлек ауданда тіркелген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес,Сайрам ауданында шөп тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті. Тұрғындар өрт сөндіру қызметіне кеш хабар берді.
"Тұрғындар өртті өз бетінше сөндіруге тырысқандықтан, әр секунды маңызды уақытты жоғалтып, өртке төтеп бере алмайтындарын түсінген кезде ғана хабарлама жіберген. Өрт сөндірушілер шақыру орнына жедел келіп, өртті толығымен сөндірді. Бірақ өрттің салдарынан жүргізуші қолын күйдіріп, көлік толығымен жойылған", - дейді құтқарушылар.
Ал Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылында жеке тұрған шаруашылық құрылыстың шатыры мен 7 тонна жиылған шөп жанып кетті. Өрт сөндірушілер 25 шақырым шалғай жерге жылдам жетуге тырысты.
Тілсіз жау 230 шаршы метр аумаққа шарпыды. Зардап шеккендер жоқ, қазіргі өрттің себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0