https://sputnik.kz/20260619/qasym-zhomart-toqaev-polsha-senatynyn-marshalyn-qabyldady-64258539.html
Президент Польша сенатының маршалын қабылдады
Президент Польша сенатының маршалын қабылдады
Sputnik Қазақстан
Әңгімелесу барысында тарихи тамырластыққа айрықша назар аударылды 19.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-19T20:26+0500
2026-06-19T20:26+0500
2026-06-19T20:30+0500
президент
сенат
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64258015_0:79:1280:799_1920x0_80_0_0_2f83f8ccaef57b1ec57345c4b00b3609.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Ақордада президент Польша Республикасы сенатының маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесті.Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және қос елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланысты кеңейту мәселелері талқыланды.Әңгімелесу барысында тарихи тамырластыққа айрықша назар аударылды. Президент көрнекті поляк этнографы Адольф Янушкевичтің қазақ тарихын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосқанын айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Польша президенті Кароль Навроцкийге және премьер-министр Дональд Тускке ыстық ықыласын жолдады.Малгожата Кидава-Блоньска қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына шынайы ризашылығын білдірді."Сізбен кездесуді үлкен мәртебе санаймын. Қазақстанға жасаған алғашқы сапарымның мәні ерекше. Біз еліңізге поляк халқы үшін елеулі кезеңде келіп отырмыз. Яғни отандастарымыздың осы жерге күштеп жер аударылғанына 90 жыл толды. Оларға қазақ халқы сүйеу болып, қилы заманда қол ұшын созды. Бізді ортақ тарих қана емес, келешектегі мол мүмкіндіктер де біріктіреді. Польша үшін аймақтағы жетекші елдердің бірі саналатын Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту аса маңызды", – деді сенат маршалы.
https://sputnik.kz/20260612/toqaev-qyrgyzstan-zhogorku-keneshinin-toragasyn-qabyldady-64083480.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64258015_56:0:1225:877_1920x0_80_0_0_04c7bf5d12d4a61ff5059c6125349960.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, сенат, ынтымақтастық
президент, сенат, ынтымақтастық
Президент Польша сенатының маршалын қабылдады
20:26 19.06.2026 (жаңартылды: 20:30 19.06.2026) Әңгімелесу барысында тарихи тамырластыққа айрықша назар аударылды
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Ақордада президент Польша Республикасы сенатының маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және қос елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланысты кеңейту мәселелері талқыланды.
"Әлемдегі экономикасы ірі елдердің жиырмалығына енетін Польшамен ықпалдастықты ілгерілетуге ерекше мән береміз. Мемлекеттеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бері шынайы достық байланыстар қалыптасты. Парламентаралық диалог жоспарлы әрі табысты түрде дамып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әңгімелесу барысында тарихи тамырластыққа айрықша назар аударылды. Президент көрнекті поляк этнографы Адольф Янушкевичтің қазақ тарихын, тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге зор үлес қосқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Польша президенті Кароль Навроцкийге және премьер-министр Дональд Тускке ыстық ықыласын жолдады.
Малгожата Кидава-Блоньска қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына шынайы ризашылығын білдірді.
"Сізбен кездесуді үлкен мәртебе санаймын. Қазақстанға жасаған алғашқы сапарымның мәні ерекше. Біз еліңізге поляк халқы үшін елеулі кезеңде келіп отырмыз. Яғни отандастарымыздың осы жерге күштеп жер аударылғанына 90 жыл толды. Оларға қазақ халқы сүйеу болып, қилы заманда қол ұшын созды. Бізді ортақ тарих қана емес, келешектегі мол мүмкіндіктер де біріктіреді. Польша үшін аймақтағы жетекші елдердің бірі саналатын Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыту аса маңызды", – деді сенат маршалы.