https://sputnik.kz/20260612/toqaev-qyrgyzstan-zhogorku-keneshinin-toragasyn-qabyldady-64083480.html
Тоқаев Қырғызстан Жогорку кенешінің төрағасын қабылдады
Тоқаев Қырғызстан Жогорку кенешінің төрағасын қабылдады
Sputnik Қазақстан
Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету... 12.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-12T14:33+0500
2026-06-12T14:33+0500
2026-06-12T14:35+0500
президент
қазақстан
қырғызстан
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0c/64082678_0:92:1280:812_1920x0_80_0_0_4cfae3a1a90dd2892ae204d4f6badee0.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку кенешінің төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.Тоқаев осыған орай Президент Садыр Нургожоевич Жапаровқа құттықтау хат жолдағанын айтты.Марлен Маматалиев кездесу үшін алғыс айтып, Садыр Жапаровтың ыстық ықыласын жеткізді.Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Екі елде жүргізіліп жатқан жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мазмұнды әрі егжей-тегжейлі әңгіме өрбіді.Президент пен Жогорку Кенеш Төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға бейіл екенін растады.
https://sputnik.kz/20260326/putin-qazaqstanga-2026-zhyldyn-mamyr-ayynda-keledi---mishustin-62176003.html
қазақстан
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0c/64082678_38:0:1243:904_1920x0_80_0_0_911c1c7219319936aff7bd7322f3d9fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан, қырғызстан
президент, қазақстан, қырғызстан
Тоқаев Қырғызстан Жогорку кенешінің төрағасын қабылдады
14:33 12.06.2026 (жаңартылды: 14:35 12.06.2026) Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку кенешінің төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
"Қазақ-қырғыз – бір туған" деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады", – деді президент.
Тоқаев осыған орай Президент Садыр Нургожоевич Жапаровқа құттықтау хат жолдағанын айтты.
Марлен Маматалиев кездесу үшін алғыс айтып, Садыр Жапаровтың ыстық ықыласын жеткізді.
"Қырғыз тарапы Сіздің басшылығыңызбен іске асырылған ауқымды конституциялық өзгерістерді қолдайды. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Бұл әділетті әрі озық Қазақстанды құруға берік негіз қалайды. Сізге және бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке тілеймін. Қолға алған реформаларды табысты жүзеге асыруларыңызға тілектеспін", – деді Жогорку Кенеш төрағасы.
Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Екі елде жүргізіліп жатқан жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мазмұнды әрі егжей-тегжейлі әңгіме өрбіді.
Президент пен Жогорку Кенеш Төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға бейіл екенін растады.