ЕАЭО мемлекеттері мен Камбоджа арасындағы тауар айналымы 34%-ке өсті

© Photo : Пресс-служба ЕЭК
Жазылу
Еуразиялық "бестіктен" Камбоджаға экспорт 2025 жылы 37,8%-ке өсті
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. "Ресей-АСЕАН" саммиті аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі Хун Манетпен кездесті.
Тараптар ЕЭК пен Камбоджа үкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ экономикалық әріптестікті талқылады.

ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі Хун Манеттің кездесуі
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
"Цифрлар біздің елдеріміз арасындағы өзара саудадағы оң үрдісті растайды. 2016 жылы Меморандумға қол қойылғаннан бері ЕАЭО мемлекеттері мен Камбоджа арасындағы тауар айналымы 34%-ке өсті. Еуразияның бес елінен Камбоджаға экспорт 2025 жылы 37,8%-ке ұлғайды. Бұл Камбоджа нарығында еуразиялық өндірушілердің рөлінің артқандығын көрсетеді", - деді Сағынтаев.
Өнім ассортиментін әртараптандыру, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, стандарттау мен сертификаттау талаптарын үйлестіру, логистиканы дамыту арқылы өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін әлеуеттің жоғары екендігі де аталып өтті.

ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі Хун Манеттің кездесуі
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
"Бизнес-қоғамдастықтардың ынтымақтастығы ерекше маңызға ие. Бұл біздің сауда-экономикалық әріптестігіміздің негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Біз бизнес-форумдарды, оның ішінде ЕАЭО елдері мен Камбоджадағы іскерлік іс-шараларды өткізу тәжірибесін жалғастыруды жөн деп санаймыз", - деді Сағынтаев.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибелік ынтымақтастықты, оның ішінде ЕАЭО-АСЕАН диалогы аясында одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

