ЕАЭО мен Мьянма ынтымақтастығы кеңейтіледі

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Жазылу
Бизнес және технология салалары басты назарда болады
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) интеграция және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесі Данияр Иманалиев пен Мьянманың Ұлттық жоспарлау, инвестициялар және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Аун Чжо Хо кездесу өткізді.
Іс-шара барысында ЕАЭО елдері мен Мьянма арасындағы бизнес жүргізу шарттары туралы өзара ақпарат алмасуды арттыру мақсатында бизнес-форумдар, бизнес-миссиялар мен көрмелер ұйымдастыру перспективалары талқыланды.
"Біз кедендік реттеу, азық-түлік қауіпсіздігі, өнеркәсіпті дамыту, энергетика, көлік және инфрақұрылым салаларында тәжірибе алмасуға жоғары өзара қызығушылық бар екенін байқап отырмыз. Сондай-ақ инновациялық экономика салаларында және жасанды интеллектті пайдалану бағытында ынтымақтастыққа ұмтылыс байқалады", – деді ЕЭК өкілі.
Сондай-ақ ЕЭК пен Мьянма үкіметі арасындағы бірлескен жұмыс тобының кезекті отырысын өткізу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Министр по техническому регулированию Евразийской экономической комиссии Александр Субботин провёл в штаб-квартире ЕЭК заседание рабочей группы по координации проекта Цифровое техническое регулирование в рамках Евразийского экономического союза - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
ЕАЭО аясындағы техникалық реттеу процесін цифрлық форматқа көшіріледі
Жаңалықтар
0