Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

© Photo : Pixabay / inproperstyleСтоп белгісі
Стоп белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Жазылу
Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылыстары ашық болады
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Елордада Алматы көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Алматы көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде көлік тоннелін салу" жобасы аясында 20 маусымнан бастап осы жылдың соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылыстары ашық болады.
Әкімдікте жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажеттігін еске салды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, дейді әкімдікте.
Республиканская трасса - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Астана маңындағы айналма жолдың бір бөлігі жөндеуге жабылады
Жаңалықтар
0