https://sputnik.kz/20260503/astana-manyndagy-aynalma-zholdyn-bir-boligi-zhondeuge-zhabylady-63139025.html
Астана маңындағы айналма жолдың бір бөлігі жөндеуге жабылады
Астана маңындағы айналма жолдың бір бөлігі жөндеуге жабылады
Sputnik Қазақстан
Бұл учаске 10 күнге толық жабылады 03.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-03T13:28+0500
2026-05-03T13:28+0500
2026-05-03T13:32+0500
жол
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436386_0:63:1280:783_1920x0_80_0_0_c09e7928615c514976efe52099815471.jpg
АСТАНА, 3 мамыр - Sputnik. Астана түбіндегі Балқарағайдан Павлодар бағытына дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы.Жабылатын учаскенің ұзындығы - 8 шақырым. "Бұл аралықта жол жабынын жону, жол негізіндегі ақауларды жою және екі қабатты асфальтбетон төсеу жұмыстары жоспарланған. Жұмыстарға 25 жол жұмысшысы мен 66 бірлік арнайы техника, оның ішінде фрезалар, асфальт төсегіштер және жүк көліктері жұмылдырылады", - дейді ҚазАвтоЖол. Төменгі және жоғарғы асфальт қабаттарын төсеу арасында технологиялық үзіліс қарастырылған. Осы кезеңде көлік қозғалысы уақытша ашылатын болады.Қозғалысты толық шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу және жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында енгізіліп отыр, дейді мамандар.
https://sputnik.kz/20260501/aqmola-oblysynda-zhol-apaty-eki-adamnyn-omirin-qidy-63114716.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33436386_76:0:1204:846_1920x0_80_0_0_207ff0ea40c666ce67477c2e9cd74a3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол
Астана маңындағы айналма жолдың бір бөлігі жөндеуге жабылады
13:28 03.05.2026 (жаңартылды: 13:32 03.05.2026) Бұл учаске 10 күнге толық жабылады
АСТАНА, 3 мамыр - Sputnik. Астана түбіндегі Балқарағайдан Павлодар бағытына дейінгі жол учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы.
"3-13 мамыр аралығында "Астана қаласының айналма жолы" автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Балқарағай демалыс аймағының бұрылысынан бастап Павлодар бағытына шығатын көлік айрығына дейінгі жол учаскесінде көлік қозғалысы толықтай уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Жабылатын учаскенің ұзындығы - 8 шақырым.
"Бұл аралықта жол жабынын жону, жол негізіндегі ақауларды жою және екі қабатты асфальтбетон төсеу жұмыстары жоспарланған. Жұмыстарға 25 жол жұмысшысы мен 66 бірлік арнайы техника, оның ішінде фрезалар, асфальт төсегіштер және жүк көліктері жұмылдырылады", - дейді ҚазАвтоЖол.
Төменгі және жоғарғы асфальт қабаттарын төсеу арасында технологиялық үзіліс қарастырылған. Осы кезеңде көлік қозғалысы уақытша ашылатын болады.
Қозғалысты толық шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу және жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында енгізіліп отыр, дейді мамандар.