Аптап ыстық күшейеді: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik/Ертай СарбасовФонтаны в Алматы
Фонтаны в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Жазылу
Бірақ еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
"Жел күшейіп, екпіні артады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. 21–22 маусым күндері еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады", - деп жазылған хабарламада.
Алайда болжам бойынша, ауа температурасы 30–38 градусқа дейін жоғарылайды.
Тіпті 21–22 маусымда республиканың солтүстік-батысында және орталығында аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы 40–41 градусқа дейін жетеді. Тек батыс өңірлерде ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 22–33 градус шамасында болады.
Июньский ливень с градом в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Аптап ыстық, жаңбыр және бұршақ: 14 маусымда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0