Аптап ыстық, жаңбыр және бұршақ: 14 маусымда ауа райы қандай болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевИюньский ливень с градом в Астане
Июньский ливень с градом в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жазылу
Бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі күтіледі
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстан аумағында 14 маусымда құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республика бойынша желдің күшеюі, дауыл, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Найзағай мен жаңбыр, бұршақ жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр болады.
Күндіз Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының батысында және Жетісу облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Абай облысында, Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Ақмола, Павлодар облыстарының шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының батысында, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматыдағы көктем - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жаңбыр мен найзағай: маусымда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0