Алматыда әйел полиция көлігіне тас лақтырды

© Photo : ДВД Алматинской областиПатрульдік полиция
Патрульдік полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Жазылу
Бірақ әйел оқиға орнынан қаша жөнелген
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Алматыда әйел өтіп бара жатқан полиция көлігіне тас лақтырған, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Оқиғаның бейнезжазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда орта жастағы әйел полицияның көлігіне тас лақтырғаны түсіп қалған.
Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны ұстамақ болады. Бірақ әйел оқиға орнынан қаша жөнелген.

"Ол өтіп бара жатқан патрульдік көлікке тас лақтырған. Полиция қызметкерлері әйелді ұстады. Әйел әкімшілік кодекстің "ұсақ бұзақылық" бабымен жауапқа тартылды", - дейді полицияда.

Әйелдің мінез-құлқына байланысты Алмалы ауданының полиция басқармасына оның психоэмоционалдық жағдайын бағалау үшін жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды, дейді полицияда.
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2026
Алматы облысында КамАз полицияның қызметтік көлігіне соғылды
Жаңалықтар
0