Алматы облысында КамАз полицияның қызметтік көлігіне соғылды

© Photo : ДВД Алматинской областиПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2026
Жазылу
КамАз артқа қарай сырғанап кетіп, полицияның қызметтік көлігін соққан
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Алматыда полицияның қызметтік көлігін "Камаз" соғып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Көктайғақ салдарынан "Камаз" жол апатына түсті. Ол артқа қарай сырғанап кетіп, полицияның қызметтік көлігін соққан. Полиция жүк көлігінің жүргізушісін жауапқа тартқан.

"Полиция қызметкерлері полицияның қызметтік автомашинасымен соқтығысуға жол берген "КАМАЗ" автомашинасының жүргізушісін жауапқа тартты", - дейді полиция департаментінде.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдарына механикалық зақым келтірілді, зардап шеккендер жоқ.
Полиция жол қозғалысының барлық қатысушыларын Жол ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға, жолдарда мұқият және жауапты болуды ескертті.
Платный проезд по автобану Астана-Щучинск - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2026
"Астана – Щучинск" тас жолында жүк көлігінің жүргізушісі бетон қоршауға соғылды
Жаңалықтар
0